• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Тараз қаласында өңірдегі суару кезеңінің өтуі мәселелері бойынша кеңес өткіздім. Онда заңсыз су пайдаланумен күреске ерекше назар аударылды.

Министрліктің жұмыс тобы облыста «Қазсушар» РМК-мен су беру бойынша келісімшарттар жасаспай 131 гектар жерді суарған фактілерді анықтады. Сондай-ақ диқандардың егіс алаңын кемітіп көрсетудің екі фактісі және су жеткізушінің келісімінсіз өсірілетін дақылды басқа түрге ауыстырудың бір фактісі анықталды.     

Шу-Талас бассейндік инспекциясы өңірде заңсыз су пайдалануды тексеру мақсатында 22 тексеру жүргізді. Нәтижесінде 10 әкімшілік іс қозғалып, айыппұлдар салынды және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді. 

Түркістан облысының Созақ ауданында Жоғары аудиторлық палата материалы бойынша төрт адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар мемлекеттік инспекторлардың қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру фактісі бойынша екі әкімшілік іс сотқа жіберілді.

Сондай-ақ бассейндік инспекция 260 адам арасында су заңнамасын сақтауға және арнайы су пайдалануға рұқсат рәсімдеуге қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде биыл 70 су пайдаланушы су пайдалануға рұқсат алған, олардың 39-ы алғаш рет келісімшарт жасаған.

Кеңес қорытындысы бойынша министрлігіміз бен Жамбыл облысының әкімдігі судың «көлеңкелі нарығына» қарсы күрес жөнінде бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеуге келістік.

Мемлекет басшысы судың «көлеңкелі нарығын» жоюды тапсырды. Ол үшін бассейндік инспекцияларға қадағалау функциялары берілді, соған сәйкес жедел ден қою шаралары қабылданады. Сондай-ақ Әкімшілік кодекске су саласындағы бұзушылықтар үшін жауапкершілікті қатаңдатуды көздейтін өзгерістер енгізілді. 

Сонымен қатар келісімшартсыз суды тұтынғаны үшін және су жеткізушінің келісімінсіз өсірілетін дақылдардың түрін өзгерткені үшін айыппұл санкцияларын қарастыратын ережелер қабылданды. Жамбыл облысының әкімдігімен бірлескен жұмыс біз қабылдаған шаралардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Осы суару кезеңінде «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалы диқандармен су беру бойынша 3 858 келісім жасасты. Бүгінгі таңда 61 мың гектар егіс алқабы суарылады. 512 млн текше метр су алынды. 

Вегетациялық кезеңге дайындық барысында филиал Қордай, Талас, Байзақ және Жамбыл аудандарында 28,8 км каналды механикалық жолмен тазартты. Сондай-ақ филиал қызметкерлері 123,2 км каналдарда қоқыс пен өсімдіктерді қолмен тазарту жұмыстарын жүргізді.

  • 29.07.2025
  • 6
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

Нұржігітов Н.М.
(Мұрағат)

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика