- Блогтар
- Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі
«Қазсушардың» Жамбыл филиалына жаңа арнайы техниканың кілттерін тапсыру рәсіміне қатыстым.
Бүгінгі таңда филиал 51 жаңа техника алды. Оның ішінде экскаватор-жүк тиегіштер, шынжыр табанды экскаваторлар, тракторлар, тіркемелер, самосвалдар, тартқыштар, автокран, жанармай құю көлігі және жылжымалы автожөндеу станциясы бар.
Филиалға жалпы саны 71 техника бөлінген, қалған 20 техника жыл соңына дейін жеткізіледі. Арнайы техникалар паркі толықтырылмас бұрын филиалда 64 техника болған.
Барлық жаңа техника «Қазсушар» РМК-ның Жамбыл филиалының өндірістік учаскелеріне бөлінеді. Сатып алынған жабдықтар су беру тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ су шаруашылығы нысандарын күтіп-ұстау мен жөндеуді жақсартуға айтарлықтай мүмкіндік береді.
Министрлік еліміз бойынша «Қазсушар» РМК филиалдарын жаңа техникалармен жабдықтауды жалғастырып жатқанын еске сала кетейін. Бүгінге дейін кәсіпорын филиалдарына жоспарланған 757 арнайы техника мен автокөліктің 400-ден астамы берілді. Бұл техника құрылыс-монтаж және тазалау жұмыстарына белсенді түрде пайдаланылып жатыр.
- 29.07.2025
- 4