• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтауда Орталық Азия елдерінің экология министрлері басқосты

Бүгін, 1 тамыз күні Ақтау қаласында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен 2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммитке дайындық аясында Орталық Азия елдерінің экологиялық ведомстволары басшыларының кездесуі өтті.

Іс-шараға ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Қоршаған ортаны қорғау комитетінің төрағасы Баходур Шерализода, Өзбекстан Республикасының Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрі Азиз Абдухакимов, БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча, БҰҰ ЕЭК Тұрақты энергетика комитетінің директоры Дарио Лигутти, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Катаржина Вавьерня қатысты.

Қырғыз Республикасы Табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрінің орынбасары Асель Раимкулова жиынға онлайн форматта қатысты. Сонымен қатар, Әзербайжан Президентінің климат мәселелері жөніндегі арнайы өкілі әрі COP29 Президенті Мұхтар Бабаев жиналғандарға бейнеүндеу жолдады.

Басқосуда тараптар 2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммит тұжырымдамасының жобасын, көрме мазмұнын және жаңартылған тұжырымдама аясындағы өңірлік бастамаларды талқылады.

Жиынды ашып берген өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай аймақтық күн тәртібіндегі нақты әрі
шұғыл шешуді қажет ететін экологиялық мәселелерді атап өтті.
 

- Мемлекет басшысы Қасым-
Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған Өңірлік экологиялық саммит - болашақ ұрпақтың амандығы мен табиғи байлықты сақтауға бағытталған тың бастама. Маңғыстау - теңіз бен шөлдің тоғысқан мекені. Бұл өлке табиғи ресурстарға бай болғанымен, экологиялық тұрғыда өте осал аймаққа жатады. Сондықтан, біз үшін бұл саммиттің күн тәртібіндегі мәселелер тек ғаламдық деңгейдегі проблемалар ғана емес, аймақтық күн тәртібіндегі нақты әрі шұғыл шешуді қажет ететін мәселелер. Осыған орай, біз бірқатар нақты басым бағыттарды қолдаймыз. Біріншіден, жаңартылатын энергия көздерін дамыту. Маңғыстау - күн мен желдің елі. Осы
әлеуетті толық пайдалану үшін аймақаралық жобаларды біріге іске асыру маңызды. Екіншіден, жер ресурстарын ұтымды
пайдалану. Шөлейттену мен жайылымның тозуы ауыл шаруашылығының болашағына тікелей әсер етеді. Сондықтан табиғатты қалпына келтіру жобаларын бірлесе дамыту қажет. Үшіншіден, жасыл экономиканы қолдау және экологиялық білімді арттыру, - деді Нұрдәулет Қилыбай.



Кездесу аясында қатысушылар ӨЭС 2026 бағыттары бойынша ұйымдастырылған жасыл стартаптар көрмесіне қатысты. Аталмыш көрме - Орталық Азия елдері экология министрлерінің кездесуіне орай 2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммит тұжырымдамасын бекітуге арналды.

Ерлан Нысанбаев өңірлік бастамаларды жүзеге асыру және тәжірибе алмасу үшін күш біріктіруді ұсынды. Бұл өз кезегінде Орталық Азияның экологиялық жағдайын жақсартуға ықпал ететінін атап өтті.

Жиын соңында тараптар кездесідің хаттамасына қол қойды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 01.08.2025
  • 21
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика