• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Салық кодексіне қол қойылғаннан кейін Қазақстанда түсіндіру жұмыстары басталды

Қабылданған құжат бойынша алғашқы жария түсіндіру «Атамекен» ҰКП алаңында өтті. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин және Палата Президиумының төрағасы Райымбек Баталов салалық қауымдастықтардың өкілдерімен офлайн және онлайн форматта өткен семинар-кеңес аясында кездесті.

Іс-шара барысында мемлекеттік органдардың өкілдері бизнеске жаңа Салық кодексінің негізгі нормаларын түсіндірді. Қатысушылар арасында машина жасау, фарминдустрия, қоғамдық тамақтану, бөлшек сауда, денсаулық сақтау, салық кеңесшілері және басқа да бірлестіктер өкілдері бар.

Жаңа құжаттағы негізгі өзгерістер туралы хабардар етуден басқа, арнайы салық режимдеріне және салықтық әкімшілендірудің жаңа тәсілдеріне ерекше назар аударылды.

Ұлттық экономика министрлігі Салық және кеден саясаты департаментінің директоры Ерлан Сағынаев жаңа кодексте арнаулы салық режимдерінің саны жетіден үшке дейін қысқартылғанын атап өтті:

- өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін,

- жеңілдетілген декларация негізінде,

- шаруа немесе фермер қожалықтары үшін.

«Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР-ды жеке кәсіпкер болып табылмайтын, жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын және осы АСР қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерін жүзеге асырмайтын жеке тұлғалар қолдануға құқылы. Күнтізбелік айдағы табысы 300 АЕК-тен аспайтындар», — деді Ерлан Сағынаев.

Бұл ретте өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ЖТС-дан босатылады және табысының 4% мөлшерінде өздері үшін әлеуметтік төлем ғана төлейді.

Жеңілдетілген декларацияның жаңа режимінде ҚҚС пен әлеуметтік салықты төлемеу мүмкіндігі сақталады. Оны күнтізбелік жылдағы табысы 600 мың еселенген АЕК-тен (2,4 млрд теңге) аспайтын, жалдамалы жұмыскер санына шектеу жоқ және қызмет түрі тыйым салу түрлері тізбесіне енгізілмеген салық төлеушілер қолдануға құқылы.

Шаруа (фермер) қожалықтары үшін қолданыстағы АСР сақталған. 

«Жалғыз нәрсе, бірыңғай жер салығының жойылуына байланысты жалпы табыстың 0,5% мөлшерінде тиесілі табыс салығын шаруа қожалықтары барлық басқа кәсіпкерлер сияқты ЖТС БСК-ға төлейтін болады. Бұдан басқа, мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша жер салығының базалық ставкалары (жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы) 20-дан 40 есеге дейін ұлғайтылды», — деді Ерлан Сағынаев.

Жаңа кодексте салықтық әкімшілендіруді жаппай оңайлату көзделген:

есептілік 30%-ға, салық 20%-ға аз,

салықтық жеңілдіктер мен алымдарды оңтайландыру,

салықтық әкімшілендірудің жаңа тәсілдері.

«Салықтық әкімшілендіруде де тәсілдер өзгереді. Бүгінгі күні, егер салық берешегін барлық мәжбүрлеп өндіріп алу шарасы 6 АЕК шегінен бастап қолданылса, онда жаңа Салық кодексінде шара қолдану берешек мөлшеріне байланысты. Маңызды мәселе-қарыз аз болса, бизнестің барлық қызметі бұғатталмайды. Егер ол 20 АЕК-ке дейінгі соманы құраса, онда тек салық берешегінің бар екендігі туралы құлаққағыс жіберіледі. Егер сома 20-дан 45 АЕК-ке дейін болса, онда хабарлама жіберіліп, ол өтелмеген жағдайда банктік шот бойынша шығыс операциялары тоқтатылып, инкассалық өкім қойылады. Егер берешек сомасы 45 АЕК-тен асатын болса, онда сауда-саттыққа шығарылатын мүлік тізімделеді. Сондай-ақ борышкердің дебиторлары есебінен берешекті өндіріп алу жұмысы жүргізіледі», — деді Ерлан Сағынаев.

Өзін-өзі реттейтін қоғамдық тамақтандыру ұйымының төрағасы Вероника Даугалиева жеңілдетілген декларация режимінде жұмыс істейтін кәсіпкерлердің шығыстар сомасын КТС шегеріміне жатқызу мүмкіндігін сақтауды ұсынды. Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығының атқарушы директоры Виктор Микрюков заңды тұлғаларды тіркеуді жарамсыз деп тану тәжірибесіне алаңдаушылық білдіріп, мәжбүрлеп жоюдың толыққанды рәсімін енгізуді жақтады. Басқа қатысушылар да өздерін алаңдатқан сауалдарға мемлекеттік орган өкілдерінен толық жауап алды. Енді жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру жұмысы басқа өңірлерде жалғасады.

  • 01.08.2025
  • 36
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика