• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыс әкімдігінде бюджет комиссиясының отырысы өтті

Бүгін, 1 тамыз күні Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергеновтің төрағалығымен облыстық бюджет комиссиясының отырысы өтті. Жиында 2025–2027 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау мәселесі қаралды.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Тілеген Едігеевтің айтуынша, қазіргі таңда облыс бюджеті 722 млрд теңгені құрап отыр.

- Алдағы кезеңге арналған нақтылау нәтижесінде бюджет құрылымы оңтайландырылып, бірқатар жобалар бойынша ішкі қайта бағыттаулар жүргізілді. Бюджетті нақтылау барысында әлеуметтік салаларға, атап айтқанда білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау мен өңіріміз үшін маңызды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға басымдық берілді, - деді Тілеген Едігеев.

Білім беру саласында жергілікті бюджет есебінен ішкі ығыстырулар арқылы 779 млн теңге бөлінген. Бұл қаражат білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, балабақшалар мен арнайы білім беру ұйымдары және колледж ғимараттарын жөндеуге, сондай-ақ әлеуметтік төлемдермен қамтуға бағытталмақ.

Денсаулық сақтау саласына мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаражат есебінен 498 млн теңге бөлінуі жоспарланып отыр. Бұл қаржы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық мекемелердің материалдық базасын жақсарту, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына, жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге және медициналық ақпараттық жүйесін енгізуге жұмсалмақ.

Сондай-ақ, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет пен спорт инфрақұрылымын жаңарту, кәсіпкерлік пен балық шаруашылығын дамыту, көлік инфрақұрылымын жетілдіру және әлеуметтік осал топтарды баспанамен қамту шаралары қарастырылған.

Өңірдің даму бюджеті аясында Ақтау қаласының магистралды жылу желілерін тарту, су тұщыту қондырғыларын салу, елді мекендердегі ауыз су және кәріз жүйелерін жаңарту, жол құрылысын бастау көзделіп отыр.

Жиын барысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында аудан және қала деңгейінде жаңадан ашылған мемлекеттік коммуналдық мекемелерді лизинг арқылы арнайы техникалармен қамтамасыз ету мәселесі де талқыланды.

Отырыс соңында Ербол Ізбергенов күн тәртібіндегі мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді.
 

- Бюджетке енгізілетін өзгерістер жобасын айтылған ұсыныстар мен ескертулерді ескере отырып қайта әзірлеуді және оны облыстық мәслихаттың келесі сессиясына ұсынуды тапсырамын. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бастау алған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын орындау мақсатында тиісті шараларды жүргізу қажет, - деді Ербол Ізбергенов.



Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 01.08.2025
  • 28
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика