• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Такиев М.Т.
Такиев М.Т.

ҚР Қаржы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстанның кеден жүйесін трансформациялау

ҚР Президенті мен Үкіметтің тапсырмаларын орындау мақсатында Қаржы министрлігі шекарадан өту процесін ашық, жылдам әрі қауіпсіз етуге бағытталған шекаралық инфрақұрылымды жүйелі түрде жаңғыртуды іске асырып келеді.

2025 жылдың басынан бастап еліміздің ҚХР және Өзбекстанмен арадағы шекаралық аймақтарда орналасқан төрт жаңғыртылған өткізу пункттері: «Қалжат», «Алакөл», «Қапланбек» және «Атамекен» жұмыс істеп келеді. Олар заманауи техникамен жабдықталған: инспекциялық-тексеру кешендері, автоматты таразылар, цифрлы сканерлер және онлайн-бақылау жүйелері қарастырылған. Енді жүргізушілер бақылау процедурасынан көліктен шықпай өте алады және шекарадан өтудің орташа уақыты 30 минутқа дейін азайды. «Бір терезе» қағидаты арқылы барлық рәсім бірыңғай технологиялық дәлізде жүзеге асырылады.

Жыл соңына дейін тағы бес өткізу пунктін жаңғыртуды аяқтайтын боламыз: «Қазығұрт», «Темір баба», «Тәжен», «Бақты және «Майқапшағай». Бұл бағытқа арналған инвестициялар еліміздің транзиттік әлеуетін дамытып, бизнес, логистика саласы мен азаматтарға жайлы қызмет пен тиімділікті арттыруға септеседі.

Кеден ісін цифрлы трансформациялау бағытында да маңызды қадамдар жасалды. 2023 жылдан бастап ЕАЭО сыртқы шекарасының барлық автомобиль пунктінде CargoRuqsat электронды кезек жүйесі жұмысы жолға қойылды. Бұл кезектер мен көліктің ретсіз кептелесін жоюға мүмкіндік берді. 20 модульден тұратын «Кеден» цифрлы платформасын енгізу (оның 13-і жұмыс істеп тұр) рәсімдеу процесін түбегейлі өзгертті: электронды декларациядан бастап тауарларды онлайн-бақылау мен есепке алуға дейін.

Жақында «Темір баба» және «Тәжен» пункттерінде жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстары тексерілді. Қазақстанды Таяу Шығыспен, Оңтүстік Азиямен, Еуропамен және Ресеймен байланыстыратын екі нысанның геосаяси және экономикалық маңызы зор. Қаржы министрлігі жұмыстың орындалу сапасы мен мерзімдердің сақталуын қатаң бақылайды.

Біздің көздегеніміз – шекарадан өтуді ашық, қауіпсіз, жылдам және ыңғайлы ету. Біз халықаралық сауда талаптарына сәйкес келетін инфрақұрылымды құруға баса мән беріп отырмыз.

  • 14.08.2025
  • 33
Такиев М.Т.

ҚР Қаржы министрі

Такиев М.Т.
(Мұрағат)

ҚР Қаржы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика