- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
Салықтық әкімшілендіруді цифрландыру: ашықтық, қолайлық және сенім
ҚР Президентінің 2024 жылдың 2 қыркүйектегі халыққа арналған Жолдауындағы тапсырмасын орындау үшін Қаржы министрлігі салықтық әкімшілендірудің ауқымды цифрлы трансформациясын іске асырып келеді.
Біздің басты міндетіміз – мемлекетпен өзара байланысты бюрократиясыз және уақыт ұттырмауға септесетін заманауи цифрлы сервистер арқылы жүзеге асырып, азаматтар мен бизнеске ашық, түсінікті және ыңғайлы салық жүйесін қалыптастыру.
Мәселен, бүгінде бірқатар цифрлы шешім өз тиімділігін жақсы байқатып отыр. Бұл бірінші кезекте тәулік бойы жұмыс істейтін декларациялар мен өтініштерді беруге арналған онлайн-сервистер. Салық төлеушілердің жеке кабинеттері нақты уақыт режімінде хабарлама алып, кез келген өзгерістерге уақтылы ден қоюға мүмкіндік береді. Сонымен қатар адам факторын азайтып, кемшіліктердің қаупін едәуір төмендететін автоматтандырылған деректерді салыстыру жүйелері енгізілді. Мұның бәрі салық жүйесімен өзара әрекеттесуді тез, ашық және ыңғайлы етеді.
Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі (СӘИЖ) цифрлы экожүйенің негізгі элементтерінің бірі. Ол негізгі процестерді автоматтандыруды қамтамасыз етіп, есептеулердің дәлдігін арттырады, сондай-ақ деректерді онлайн режімде өңдеп, салық төлеуші мен мемлекет арасында тиімді цифрлы байланыс арнасын құрады.
Цифрлық даму министрлігі және Цифрлы үкіметті қолдау орталығымен бірлесіп, СӘИЖ сүйемелдеудің техникалық-экономикалық негіздемесі бекітілді. Бұл платформаның тұрақты жұмысы мен дамуына оң әсер етеді.
Келесі маңызды қадам – Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесін (СӘИЖ) дамытуға бағытталған жобаны жүзеге асыру. Оның аясында платформаның функционалдығын кеңейтіп, пайдаланушы интерфейсін жақсарту мен үлкен мәліметтер базасында аналитикалық құралдарды енгізу, сондай-ақ ақпаратты дәлірек және жедел талдау арқылы салықтық бақылаудың тиімділігін арттыру жоспарланған. Мұның бәрі салықтық әкімшілендіруді сапалы әрі жаңа деңгейге шығаруға жол ашады.
Жаңа Салық кодексінің енгізілуіне де санаулы уақыт қалды. Бұл тұрғыдан алғанда біз цифрлы технологиялардың мүмкіндіктеріне сүйене отырып, фискалды саясатқа да тың көзқараспен қарайтын боламыз. Неге десеңіз, жаңа реформа әкімшілік жүктемені азайтып, тиісті рәсімдерді жеңілдету мен салық жүйесіне деген сенімді нығайтуға бағытталған.
- 15.08.2025
- 37