- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
Қазақстан Еуропа–Азия бағытындағы транзиттік әлеуетін күшейтуді қолға алды
Қытаймен сауда жасау Қазақстан үшін стратегиялық маңызға ие. Осы бағыты арқылы Еуропа мен Азия елдеріне транзитті қамтамасыз ететін Транскаспий және Жібек жолының негізгі бағыттары өтеді. Сондықтан еліміз халықаралық сауданың шығыс пен оңтүстіктегі қақпаларын күшейтіп жатыр. ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің тапсырмасын орындау мақсатында Қаржы министрлігі Қытаймен шекарадағы кедендік өткізу пункттерін жаңғыртуға жүйелі бақылауды жалғастырып келеді.
Жұмыс сапарында Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Эрнар Ержанов пен Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Слямов Шығыс Қазақстан және Абай облыстарындағы "Майқапшағай" мен "Бақты", Жетісу өңіріндегі "Достық автомобиль" және Алматы облысындағы "Қалжат" өткізу пункттерін аралап қайтты.
Бұл нысандарда ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр: қозғалыс жолақтары кеңейтіліп, жүк-көлік ағындарын басқарудың интеллектуалды жүйелері енгізіліп, заманауи сканерлер мен салмақ кешендері орнатылып келеді. Мердігерлерге құрылысты жеделдету тапсырылды. Мәселен, "Майқапшағайға" қосымша техника мен мамандарды тарта отырып, екі ауысымдық тәуліктік жұмыс режімі енгізілді. Тексеру қорытындысы бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті басшылығының атына жұмыстардың мерзімдері мен сапасына тиісті бақылаудың болмауына байланысты кадрлық шешімдер туралы ұсынымдар берілді.
Транскаспий көлік дәлізін қоса алғанда, Қытай – Еуропа маршруттарының тұрақтылығын қамтамасыз ететін "Достық автомобиль" және қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытайға экспорттау және халық тұтынатын тауарлардың кері ағыны үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын "Қалжат" пункттері ерекше халықаралық маңызға ие.
Барлық өткізу пунктінде жүк ағындарының онлайн-мониторингі бойынша цифрлы шешімдер енгізіліп жатыо. Бұл шекарадан өтуді жеделдетуге, процестерді ашық етіп, сыбайлас жемқорлықтың сын-қатерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Жаңғырту жұмысы кедендегі сервис сапасының жаңа стандартын жасауға оң әсер етеді: жылдам және ашық бақылау, нақты мерзімдер мен бизнеске жайлы жағдайлар ұсынуға жол ашылады. Ұзақмерзімді перспективада бұл Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы транзит көпірі ретіндегі рөлін нығайтады, тауар айналымының өсімін қамтамасыз етеді және ұлттық экономикаға тың мүмкіндіктер береді.
- 22.08.2025
- 29