• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
“Бір ауыл-бір өнім" жобасындағы кәсіпкерлердің жарқын жетістіктері

Ел өңірлерінде ҚР  Ұлттық экономика министрлігі "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп іске асыратын "Бір ауыл - бір өнім" жобасы шеңберінде фермерлер, қолөнершілер мен өндірушілер өнім ұсынатын көрмелер өткізілуде. 2025 жылғы тамызда Жамбыл, Батыс Қазақстан және Алматы облыстарында өңірлік көрмелер өткізіліп, онда кәсіпкерлер ұлттық брендке айналу және мемлекеттік қолдау алу әлеуеті бар тауарларды көрсетті.

"Бір ауыл-бір өнім" жобасының мақсаты-ұлттық және халықаралық нарыққа шыға алатын брендтерді қалыптастыру үшін жергілікті ресурс негізінде құрылған бәсекеге қабілетті өнімдерді анықтап, дамыту. Жоба ауылдағы кәсіпкерлікті қолдауға және өңірлердің экономикалық дамуына ықпал етеді.

Жамбыл облысынан келген Нұрсұлтан Рақыш бес жылдан бері ұлттық стильдегі аксессуарлар мен "жиналмалы” бесік шығарумен айналысады. Оның өнімдері Қазақстанда ғана емес, шетелде - Түркия, АҚШ, Қытай, Ресей мен Қырғызстанда да сұранысқа ие. "Жобаның жартылай финалына өттім. Көрме менің жұмысымды көрсетуге және жаңа клиенттерді тартуға мүмкіндік берді", - дейді кәсіпкер. Оның ұлттық мәдениетті бейнелейтін бұйымдары аймақтың қолөнер шеберлігінің жарқын үлгісі.

Жамбыл облысынан келген Инна Гуляева өңірдің бет-бейнесі бола алатын бірегей шөп шайлар жасайды. Ол шөптерді өзі таңдап тауып, шайдың 10 түрлі шай топтамасын жасаған. Оның жобасы-бұл өндіріс қана емес, жергілікті табиғаттың бірегейлігін көрсететін Жамбыл облысының "шай картасын" жасау. Инна жобаның жартылай финалына өтті. Бұл оған брендті одан әрі дамытуға жол ашады.

Жетісу облысынан (Талдықорған қаласы) келген Айгүл Әділбек хоббиін табиғи шұжық өнімін шығаратын бизнеске айналдырған. Технолог маман ретінде ол кәсібін үйде бастап, "Бастау Бизнес" бағдарламасы бойынша оқығаннан кейін 400 АЕК көлемінде грант алады. Бүгінде Айгүл Әділбек өндірісін кеңейтіп, жаңа нарыққа шығуды, жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр.

Өңірлік көрмелердің қорытындысы бойынша әр облыста жобаға қатысуды жалғастыратын 10 жартылай финалист таңдалды. Оларды оқытып, брендинг, орау және байланыс стратегиясын әзірлеу сынды маркетингтік қолдау жасалады. Финалистерді өңірлік бренд-комитет таңдайды. Жеңімпаздар 5 млн теңгеге дейінгі грантқа ие болып, ұлттық және халықаралық деңгейде ілгерілетуге көмек алады.

Анықтама:

"Бір ауыл-бір өнім" жобасы 2023 жылы басталып, 138 кәсіпкерге қолдау көрсеткен. Оның 78-і мемлекеттік қаржыландыруға қол жеткізген. Жергілікті шикізатты пайдалану, қарапайым технология мен аймақтық ерекшелікті көрсету таңдаудың негізгі критерийі. Жоба ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға, жұмыс орнын құрып, өңірлерде әлеуметтік міндеттерді шешуге ықпал етеді.

  • 22.08.2025
  • 36
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика