• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрдәулет Қилыбай: Маңғыстаулық ұстаздар Сингапур мен Қытайда тәжірибе алмасады

27 тамыз күні Маңғыстауда «Білім келешегі: Адал азамат, кәсіби маман» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі облыстық тамыз конференциясы өтті. Кеңеске облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев, Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау, Оксфорд университетінің докторанты Меруерт Бижанова, білім беру және еңбек нарығы саласындағы халықаралық сарапшы Дмитрий Судаков, Түркиялық Хисар мектебінің директоры Окан Узели, қазақстандық және шетелдік танымал спикерлер және 700-ден астам білім беру ұйымдарының басшылары мен сала қызметкерлері қатысты.

Шара аясында IT саласына арналған көрме ұйымдастырылып, отандық және шетелдік компаниялар өз технологиялық жаңалықтарын таныстырды. Жиында тек баяндамалармен шектелмей, панельдік пікірталас өтіп, оған Маңғыстаудан шыққан түлектер, халықаралық сарапшылар мен қоғам өкілдері қатысты. Пікірталас барысында балабақшадан колледжге дейінгі білім берудің үздіксіздігі, заманауи ұстаздың рөлі, білімге тең қолжетімділік пен шығармашылық қабілеттерді дамыту мәселелері талқыланды.

Жиын барысында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай ұстаздар қауымын жаңа оқу жылымен құттықтап, облыс мектептерінде білім беру сапасын арттыру бойынша қолға алынып жатқан шараларға тоқталды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев тамыз концеренциясында білім сапасын арттыру мен педагог мәртебесін көтеру бойынша ерекше атап өтті. Мемлекет басшысы айтқандай, «Ұстаз - ұлттың шамшырағы». Сол шамшырақ әр баланың жүрегіне жол тауып, болашағына бағыт беруі керек. Қазір - білім мен ғылымның заманы. Осы тұрғыда өңірде білім сапасын арттыру мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асып жатыр. Онымен тоқтамай біз биылғы оқу жылынан бастап, кезең-кезеңімен үш жыл бойы, арнайы курстан өткен 50 директорды цифрландыруы дамыған алдыңғы қатарлы Сингапур, Қытай сынды мемлекеттерге тәжірибе алмасуға жіберетін боламыз. Сонымен қатар, 30 мектеп оқушысын АҚШ оқуға жіберуді жоспарлап отырмыз. Бұл бастамалар білім беру сапасын арттыруға, ұстаздардың кәсіби деңгейін көтеруге және жастардың жаһандық бәсекеге қабілетті болуына ықпал етеді, - деді Нұрдәулет Қилыбай.

Конференция соңында 30-ға жуық үздік білім беру ұйымдары және облыстың білім беру жүйесін дамытуда үлес қосып жүрген бірқатар қызметкер мен педагогтар құрметке ие болды.

«Білім беру саласының құрметті қызметкері» төсбелгісі Ақтау қаласының №29 мектеп бастауыш мұғалімі Моншақ Ертлеуоваға, Құланды мектебінің бастауыш мұғалімі Айсұлу Бековаға және Түпқараған ауданы мектеп-гимназия математика мұғалімі Гүлбаршын Дүйшоваға табысталды. «Шапағат» орденімен Қарақия ауданындағы «Қарақұдық» мектебінің ардагер ұстазы Жания Бесінбаева мен Ақтау қаласындағы №2 арнайы мектеп-интернатының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Маңдайлы Жарылғас марапатталды. Сонымен қатар, бірқатар сала мамандары ҚР Оқу-ағарту министрінің және облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Айта кету керек, биыл өңірдің білім беру сапасында ілгерілеушілік бар. Оған дәлел биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері өткен жылмен салыстырғанда жақсарған. 2024 жылы 3362 түлек грант иегері атанса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 3464-ке жетіп, білім сапасының біртіндеп артып келе жатқанын көрсетті.

 Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 29.08.2025
  • 25
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика