• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстау облысы мен Түрікменстанның Балкан велаяты стратегиялық әріптестікті дамытады

28 тамыз күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Түрікменстанның Балкан велаятының хәкімі Ходжамырат Ашырмырадов бастаған бір топ делегациясын қабылдады. Кездесу аясында қос тарап 2025–2027 жылдарға арналған стратегиялық әріптестікті дамыту бағдарламасы мен өңіраралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады.

Жиында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай өзара әріптестікті дамытуға облыс тарапынан толық қолдау бар екенін атап өтті.

– Мемлекет басшыларының өзара сапарлары - Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық әріптестіктің айқын дәлелі және көпжақты ынтымақтастықты дамытуға жол ашып отыр. Біз Маңғыстау мен Балкан велаяты арасындағы әріптестікті барлық бағытта қолдауға дайынбыз. Мұнай-газ, логистика, ауыл шаруашылығы, мәдениет пен туризм салаларында үлкен әлеует бар. Ең бастысы - нақты жобаларға кірісіп, тиімді жұмыс істеу. Біз бұған дайынбыз, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Сонымен қатар, тараптар шекара маңындағы тұрғындар үшін 5 күндік визасыз режимді қайта қалпына келтіру бастамасын қолдап, оның гуманитарлық, мәдени және экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал ететінін айтты.

Кездесу нәтижесінде тараптар өңіраралық әріптестікті тереңдетуге бағытталған нақты іс-шараларды бірлесе іске асыруға ниетті екенін білдірді.

Айта кетейік, 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Маңғыстау облысы мен Түркіменстан арасындағы тауар айналымы 9,2 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19%-ға өсті. Соның ішінде экспорт – 2 млн, ал импорт – 7,2 млн АҚШ долларын құрады. Сондай-ақ, облыста Түрікмен капиталының қатысуымен түрлі салада 20 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Олар негізінен қара және түсті металл сынықтарын сату, азаматтық құрылыс пен құрылыс тасын өндірумен айналысады. Сонымен қатар, өңірде Түрікменстаннан келген 35 студент білім алып жатыр.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 29.08.2025
  • 28
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика