• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Батыс өңірлері арасында тұңғыш рет Маңғыстау облысында қатерлі ісікті ерте анықтайтын орталық ашылды.

> Маңғыстау облысының әкімдігі/Акимат Мангистауской области: Батыс өңірлері арасында тұңғыш рет Маңғыстау облысында қатерлі ісікті ерте анықтайтын орталық ашылды.

28 тамыз күні Ақтау қаласында Батыс Қазақстандағы тұңғыш рет позитрон-эмиссиялық томография (ПЭТ/КТ) орталығы ашылды. Жаңа орталық қатерлі ісік сияқты күрделі аурулардың рецидивін ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беретін жоғары технологиялы медициналық қызметті тұрғындарға қолжетімді етпек.

Бұған дейін Маңғыстау облысы мен көршілес өңірлердің тұрғындары ПЭТ/КТ зерттеуінен өту үшін Астана немесе Алматы қалаларына баруға мәжбүр болатын. Ақтаудағы орталықтың ашылуы уақыт пен шығынды үнемдеуге, әрі жасанды интеллекттің көмегімен заманауи диагностикаға жасауға мүмкіндік береді.

Орталық жылына 2000-нан астам зерттеу жүргізіп, 25 жаңа жұмыс орнын құрады. Ашылған алғашқы күннің өзінде бірнеше пациент ПЭТ/КТ зерттеуінен өтті. Медициналық жабдықтар Германия, АҚШ және Оңтүстік Кореядан жеткізілген.

Жоба Orhun Medical компаниясы мен Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асты. Оған себеп, 2024 жылдың 4 желтоқсанында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Orhun Medical» ЖШС-нің бас директоры Дирик Гёненчпен арнайы кездесіп, Маңғыстау тұрғындарының шетелде емделуге жұмсайтын шығындарын азайту және ел ішінде медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында заманауи онкологиялық орталық ашу және қызметкерлерді оқыту бойынша уағдаласқан болатын.

Жиында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай ПЭТ/КТ орталығының ашылуын Мемлекет басшысының тапсырмасына сай аймақтарда жоғары технологиялы медициналық көмекті дамытудың маңызды қадамы деп атап өтті.

–Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласын дамытуға баса мән беріп келеді. Батыс Қазақстан бойынша алғашқы рет біздің облыста қатерлі ісік секілді ауруларды ерте анықтайтын орталық ашылуда. Енді біздің тұрғындар алысқа сабылмай, осында толыққанды тексеруден өте алады. Ерте диагностика қолжетімді болған сайын, дерттің асқынған түрлерін анықтау көрсеткіші де төмендейді. Осы орайда, жобаға қолдау көрсеткен Үкіметке және Денсаулық сақтау министрлігіне алғыс білдіреміз, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Айта кетейік, 2025 жылдың 7 айында Маңғыстау облысында қатерлі ісіктің әртүрлі сатысында 562 жағдай тіркелген. Атап айтқанда, 312 науқас 1-2 сатысында, 36 науқас 3-4 сатысында, 157 науқас 0-1 сатысында анықталған. Ал алғаш рет 4-сатысында анықталғандар саны 57 жағдайды құрады. Бұл көрсеткіш өңірде онкологиялық дертті ерте сатыда анықтау жұмыстарының қарқынды жүргізіліп жатқанын көрсетеді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі 

  • 29.08.2025
  • 28
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика