- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
Конституция күніне орай Қаржы министрлігінің қызметкерлері марапатталды
Конституция күні қарсаңында ҚР Қаржы министрлігінде салтанатты іс-шара өтіп, қызметкерлер марапатталды. Биыл Ата заңның қабылданғанына 30 жыл толды.
Салтанатты жиында министрліктің бірқатар қызметкері арнайы марапатқа ие болды. Айталық, қаржы жүйесін нығайту мен мемлекеттік саясатты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес "Қазақстан Конституциясына 30 жыл" медалімен ведомствоның бірқатар қызметкері марапатталды.
Сондай-ақ қызметкерлеріміздің саламатты өмірді белсенді ұстанатынын мақтан тұтамыз. Іс-шарада Qazaqstan QYZMET CUP-2025 турнирінің 24 қатысушысы арасында 3-ші орын алған ҚР ҚМ шағын футбол командасының жетістігі атап өтілді.
Конституция күні - халықтың бірлігі мен мемлекетіміздің тұрақтылығын бейнелейтін мереке. Қаржы министрлігі өзіне жүктелген міндеттерді орындай отырып, экономикалық орнықтылықты нығайтуға, бюджет саясатының ашықтығы мен тиімділігін арттыруға өз үлесін қосып келеді. Біз үшін әрбір қызметкердің Атазаңның құқықтар мен бостандықтардың кепілі ретіндегі артықшылығын, сондай-ақ мемлекеттік қаржы стратегиясын іске асырудағы негізгі тетік екенін түсінгені маңызды.
- 29.08.2025
- 40