• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сақтағанов Н.А.
Сақтағанов Н.А.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Көкпекті ауданы - қуатты агроөнеркәсіп секторы бар аудан, сондықтан бұл жерде шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсету өте маңызды.

Құрметті жерлестер!
Бүгін жұмыс сапарымен Көкпекті ауданында болдым. Депутаттармен келісімімен ауданның жаңа әкімі - Раджан Қайырханұлы Сейітхановты тағайындадым. Бұған дейін ол Глубокое ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Оның алдында жаңа жобаларды жүзеге асыру, сонымен қатар өткен жылдары басталған жобаларды жалғастыру және аяқтау бағытында үлкен жұмыс күтіп тұр.

Көкпекті ауданы - қуатты агроөнеркәсіп секторы бар аудан, сондықтан бұл жерде шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсету өте маңызды.

Құрылысы екі жылға созылған аудандық денешынықтыру-сауықтыру кешені көз қуантты. Мәдени-спорттық орталықта спорттың кез-келген түрімен айналысуға қажеттінің бәрі бар: футбол, баскетбол және волейбол алаңдары, көше жаттығу аймағы, жүгіру жолдары, жекпе-жек залдары. Спортшыларға ыңғайлы болу үшін киім ауыстыратын бөлмелер жабдықталған, үлкен автотұрақ, балаларға арналған ойын алаңы бар. Бұл жоба халық арасында өзін өте жақсы жағынан көрсеткендіктен, біз Шығыс Қазақстанның бұрынғы 13 аудан орталықтарында осындай кешендерді салу мүмкіндігін қарастыратын боламыз.

Сондай-ақ, көпбалалы отбасында қонақта болып, оларды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтадым. Халықтың осы санаты үшін бірқабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысымен таныстым. Жоба жақсы, үйлер жайлы, жеке учаскесі де қарастырылғаны маңызды. Мұндай жобаларды облыстың басқа аудандарында да қарқынды түрде жүзеге асыру қажет.

Бүгін сондай-ақ Самар және Бастаушы ауылдарындағы бірқатар маңызды әлеуметтік нысандарды араладым.

Айта кету керек, №1 Самар орта мектебі компьютермен жоғары деңгейде қамтамасыз етілген. Жалпы, бүгінгі таңда біздің облыс елімізде компьютерлік техникамен ең жақсы жабдықталған өңір. Осы ретте жаңа оқу жылында аймақтың IT-сыныптарында бағдарламалау тілдерін оқытудың жаңа бағдарламасы басталады. Айта кететін жайт, мектептің терезелерін ауыстыру қажет. Мәселені шешу тапсырылды.

Былтыр Бастаушы ауылындағы Абай атындағы орта мектепте үлкен жұмыс атқарылды. Облыс бюджетінің есебінен орындалған күрделі жөндеудің сапасы жақсы.

Биыл Самар ауылының босандыру блогы жаңа екінші деңгейге өтеді. Біздің облыс әйелдерінің басым бөлігі Өскемен мен Семейге босануға барады. ШҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары Ілияс Мұхамеджанға және Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарына қосымша медициналық жабдықтар сатып алу қажеттілігін қарастыруды тапсырамын.

Сапар аясында сондай-ақ, агротехникалық колледждің жатақханасына болдым. Басшылық жаңа ғимараттан қымбат тұратын жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұрайды. Бұл тиімсіз, сондықтан жаңа жатақхана салу нұсқасын зерделейміз.

  • 12.03.2021
  • 449
Сақтағанов Н.А.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

Сақтағанов Н.А.
(Мұрағат)

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика