• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
АДБ Қазақстанда $7,5 млрд-тан астам сомаға жобаларды қаржыландырды

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстандағы Азия даму банкінің (АДБ) өкілдігінің директоры Кумар Утсавпен кездесті.

АДБ – Қазақстанның стратегиялық серіктесі. 30 жылға жуық ынтымақтастық кезеңінде Банк көлік, энергетика, цифрлық даму, тұрғын үй инфрақұрылымы және әлеуметтік саладағы жобаларды  $7,5 млрд-тан астам сомаға қаржыландырды. Қолданыстағы портфельде ел үшін маңызы зор жобалар бар, олардың қатарында «Ақтөбе – Қандыағаш» автожолын қайта жаңарту, «Қызылорда – Павлодар – Үспен – РФ шекарасы» трассасының «Қызылорда – Жезқазған» учаскесі бар.

Тараптар мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясындағы бірлескен жобалардың іске асырылу барысын және жаңа бастамаларды талқылады. Олардың ішінде «Сарыағаш қаласын айналып өтетін автожол құрылысы», «Инклюзивті және жасыл тұрғын үй қаржыландыруға жәрдемдесу» жобасы, сондай-ақ Фискалдық басқару бағдарламасы мен қаржы секторының реформасы бар.

Әсіресе Қарағанды, Ақтөбе және Семей қалаларында университеттік ауруханалар салу жобаларының әлеуметтік маңыздылығы атап өтілді.

Ынтымақтастықтың маңызды бағыты – Қазақстанның Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы (ОАӨЭЫ) бағдарламасына белсенді қатысуы. Қазақстан бағдарламаға 2001 жылы қосылып, негізінен көлік саласындағы 32 жобаға  $10 млрд тартты. Бағдарламаға 11 мемлекет пен халықаралық институттар, соның ішінде АДБ, ЕҚҚДБ, ХВҚ, ИДБ, БҰҰДБ, Дүниежүзілік банк және АИИБ қатысады.

Кездесу барысында қатысушылар 20 қарашада Бішкекте өтетін Министрлік конференциясына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударды.

«Бұл іс-шара жылды қорытындылап қана қоймай, ОАӨЭЫ-ның болашақтағы басымдықтарын айқындайды, сондай-ақ көлік пен транзитті дамыту мәселелері жөніндегі жаһандық диалогтың ажырамас бөлігіне айналады», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан экономикасының орнықты дамуына бағытталған әріптестікті нығайтуға және бірлескен жобаларды кеңейтуге дайын екенін растады.

  • 03.09.2025
  • 11
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика