• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Дипломмен – ауылға»: бағдарлама барлық мамандар үшін қолжетімді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков жұмыс сапары аясында Қызылорда облысының Шиелі ауданы тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік қолдау шаралары және кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру мәселелері негізгі назарда болды.

Халық алдында сөйлеген сөзінде вице-министр шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау тетіктері туралы айтты. Оның ішінде – несиелерді субсидиялау мен кепілдендіру, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және ауылдық аумақтарға инвестиция тарту шаралары бар.

Ауданның экономикалық көрсеткіштері оң динамиканы көрсетуде. 2025 жылғы қаңтар–шілде айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 43,7 млрд теңгені құрап, физикалық көлем индексі 101,2 % болды. Өңдеу өнеркәсібінде өсім 3,5 % деңгейінде қалыптасып, жалпы көлемі 35,9 млрд теңгеге жетті. Ауыл шаруашылығы саласы 7,5 млрд теңге көлемінде өнім шығарып, ФКИ 102,4 % көрсетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар да айтарлықтай артты: 1 тамыздағы индексі – 128,8 %.

Бизнесті қолдау нақты жобалар арқылы да жүзеге асуда. Мәселен, ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін ауданда жалпы несие сомасы 191 млн теңгені құрайтын 4 жобаға субсидия берілді, төленген субсидия көлемі – 172 млн теңге. Бұдан бөлек, 421 млн теңгеге 3 жобаға кепілдік беріліп, оның ішінде кепілдендірілген сомасы 329 млн теңгені құрады.

Сапар барысында Бауыржан Омарбеков бірқатар нысандарды аралады. Солардың ішінде биыл мамыр айында Шиелі кентінде «Ауыл аманаты» жобасы аясында ашылған шағын өндірістік орталық бар. Оның базасында тігін цехы, кондитерлік және жартылай фабрикаттар шығаратын цехтар жұмыс істейді. Сондай-ақ вице-министр «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өткен спорт кешенін көрді. Аталған бағдарлама аясында 2023–2024 жылдары ауданның дамуына 1 млрд теңге бөлінсе, 2025 жылы 4 жобаны жүзеге асыруға 818 млн теңге қарастырылған.

Кездесу барысында тұрғындар «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасына қатысу мәселесін көтерді. Бағдарламаға жас мамандармен қатар тәжіриебелері бар мамандар да қызығушылық танытып отырғаны атап өтілді. Вице-министрдің айтуынша, жобаға жас бойынша шектеу қойылмаған, басты талап – кәсіби біліктілік. Себебі тәжірибелі мамандардың жинақталған тәжірибесі ауылдағы қызмет сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады.

Вице-министр Бауыржан Омарбеков «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы ауылдық жерлерде еңбек етіп, өңірлердің дамуына үлес қосуға дайын барлық дипломы бар мамандарға қолжетімді екенін атап өтті.

  • 03.09.2025
  • 13
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика