- Блогтар
- Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.
Ақтөбе облысының әкімі
Өңір басшысы Ақтөбе заң институтына барды
Облыс әкімі Асхат Шахаров Малкеждар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына барып, оқу орнының бүгінгі тыныс-тіршілігімен және білім беру үдерісімен танысты. Сапар барысында аймақ басшысы оқытушылар құрамымен кездесіп, құқық қорғау саласына кәсіби мамандар даярлауда институттың рөлін атап өтіп, қоғамда «Заң және тәртіп» қағидатын берік ұстанудың маңыздылығын тілге тиек етті.
Бүгінде институтта 650-дей курсант білім алуда.
Әкім аталған институтты он жыл бойы басқарған, ішкі істер органдарының ардагері, Хайролла Сүлейменовтің 70 жас мерейтойына арналған шараға қатысты. Асхат Шахаров ардагердің құқық қорғау жүйесін дамытуға және жас мамандарды тәрбиелеуге қосқан еңбегін атап өтіп, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттады.
- 04.09.2025
- 15