- Блогтар
- Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі
Азаматтарды қабылдап, су шаруашылығына қатысты қазақстандықтарды алаңдатқан сұрақтарға офлайн және онлайн форматта жауап бердім.
Атап айтқанда, Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасындағы су деңгейінің төмендеуі және Шу өзенінің суын Түркістан облысының Созақ ауданына жеткізу мәселесі көтерілді.
Қазіргі таңда Тасөткел су қоймасында 128,3 млн текше метр су бар. Бұл көлем вегетация кезеңін тұрақты өткізуге жеткілікті. Нысан жыл басында бекітілген кестеге сәйкес жұмыс істеп тұр. Су тапшылығының туындау қаупі жоқ, шаруалардың егін суаруға қажеттілігі толық қамтамасыз етіліп жатыр. Қыркүйек айында су қоймасын толтыру жұмыстары басталады.
Оған қоса, 40 жылдан кейін алғаш рет Фурманов айналма каналын тазарту жұмыстары қолға алынды. Қазіргі таңда каналдың 17,3 шақырымы тазартылып, ең күрделі учаскелерінде жұмыс аяқталды. Жұмыстарға 9 арнайы техника пайдаланылып жатыр.
Биыл суару маусымының басынан бері Жамбыл облысының Шу ауданындағы шаруалар Тасөткел су қоймасынан 120 млн текше метр су алды. Бұл көлем жергілікті «Қазсушар» РМК филиалымен жасалған келісімшарттарда көрсетілген мөлшерден 6,1 млн текше метрге артық. Ал Мойынқұм ауданының ауыл шаруашылығы мен экологиялық қажеттіліктеріне 69 млн текше метр су жіберілді.
Шымкент қаласының тұрғындары Тоғыс және Бадам су қоймаларын лайдан тазарту мәселесін көтерді. Министрлігіміз Түркістан облысындағы «Қазсушар» филиалына өңірдегі су қоймаларын механикалық тазарту үшін жерснарядтар беруді жоспарлап отыр. Осындай жұмыстар Қазақстанның басқа да облыстарында жүргізіледі.
- 05.09.2025
- 19