- Блогтар
- Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі
БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Қазақстандағы тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниамен кездестім.
Кездесуде әріптесімізбен Ислам даму банкі қаржыландыратын «Климатқа төзімді су ресурстарын дамыту» жобасы аясындағы бірлескен жұмысты талқыладық. Жобаның бірінші кезеңінде 4 жаңа су қоймасын салу, қолданыстағы 4 су қоймасын және 115 каналды реконструкциялау көзделген.
Министрлігіміздің мамандары мен БҰҰДБ сарапшылары ғылыми тәсілдерді қолдану, жобаның тиімділігін арттыру шараларын және жұмысқа қатысушы тараптардың өзара іс-қимылын пысықтады. Айта кетейік, биыл шілде айында Ислам даму банкімен бірге жобаға БҰҰДБ-ны халықаралық кеңесші ретінде тарту жөнінде шешім қабылдаған болатынбыз.
БҰҰДБ-ның қатысуы жобаны жаңа деңгейге шығарады. Ислам даму банкі қаржыландыратын жұмыстар су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған. Жобаны сәтті орындау үшін нормативтік-құқықтық база жаңартылды, қажетті институттар құрылды, қаржы көздері тартылды. Енді қолға алынған жұмысты соңына жеткізу қажет. Ынтымақтастығымыз тұжырымдамада белгіленген мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді деп сенеміз.
Бұған дейін Ислам даму банкі Астанада су саласын дамыту жобаларын тиімді жүзеге асыру үшін сатып алу, қаржы менеджменті, адалдық және этика мәселелері бойынша оқыту семинарларын өткізген болатын.
- 05.09.2025
- 19