- Блогтар
- Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі
Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінде Мемлекет басшысы су қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударды.
Президент Қазақстанда ШЫҰ-ның Су мәселелерін зерттеу орталығын құру идеясын ұсынды.
Мемлекет басшысы атап өткендей, климаттық сын-қатерлер шекараға қарамайды, ол бүкіл әлемге әсер етіп жатыр. Сондықтан шөлейттену, мұздықтардың еруі мен су көздерінің тартылуы сияқты күрделі мәселелер шекаралас елдермен бірлескен стратегиялар мен үйлестірілген іс-қимылдарды талап етеді.
Су мәселелерін зерттеу орталығын құру – бұл тек Қазақстан үшін емес, тұтас Еуразия кеңістігі үшін су қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, су ресурстарын сақтау жолындағы маңызды қадам болмақ. ШЫҰ-ға мүше елдердің жетекші сарапшыларының бірлескен жұмысы жаһандық климаттық өзгерістерге жедел бейімделу бойынша нақты шараларды әзірлеуге мүмкіндік береді.
- 05.09.2025
- 23