- Блогтар
- Бейсембаев Ғ.Б.
Бейсембаев Ғ.Б.
ҚР Оқу-ағарту министрi
Сарапшыларды іріктеудің жаңа кезеңі: педагогтер оқулықтарды сараптауға шақырылады
Оқулықтарды сараптау саласында жұмыс істеу үшін педагог-сарапшыларды іріктеудің жаңа кезеңі басталды. Барлық рәсімдер онлайн форматта E-EXPERT.GOV.KZ платформасында өткізіледі. Бұл үміткерлерге елдің кез келген өңірінен қатысуға тең мүмкіндік береді.
Бүгінде орталықтың базасында оқыту мен байқау кезеңдерінен жаңа формат бойынша сәтті өткен 400-ден астам сарапшы тіркелген.
E-EXPERT.GOV.KZ платформасы құжаттарды тексеруден бастап тестілеу, әңгімелесу, эссе жазу, модульдік оқыту және қорытынды сертификаттауға дейінгі негізгі үдерістерді автоматтандырды.
Платформаны енгізу — іріктеу үдерісін барынша ашық әрі ыңғайлы етуге мүмкіндік берді. Бүгінде біз сарапшылар қауымдастығын тиімді қалыптастырып, педагогтерді іріктеу сапасын қамтамасыз етіп отырмыз.
Орталық еліміздің барлық өңіріндегі педагогтерді байқау іріктеуіне қатысып, Қазақстандағы орта білім сапасын қалыптастыратын кәсіби қауымдастықтың бір бөлігі болуға шақырады.
- 08.09.2025
- 28