• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстау облысында ветеринария саласының қызметкерлеріне 53 жаңа автокөлік табысталды

5 қыркүйекте Маңғыстау облысында ветеринариялық қызметтің жұмысын жетілдіру, мүмкіндіктерін арттыру, мақсатында жаңа қызметтік автокөліктер салтанатты түрде табысталды.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1 млрд теңге бөлініп, жол талғамайтын 53 көлік, тоңазытқыштар, компьютерлер және оған қажетті құрылғылар сатып алынды.

Бұл шара Мемлекет басшысының ветеринариялық жүйені жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында жүзеге асырылып отыр. Сонымен қатар, ветеринария саласының кадрлық әлеуетін нығайтып, ауылдық жерлердегі халықтың ветеринариялық көмекке қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Облыста соңғы жылдары ветеринария саласын жетілдіруге мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп келеді. 2022-2025 жылдары ветеринар мамандардың жалақысы екі есеге артты, ал келер жылдан бастап еңбекақыны тағы 150 пайызға көтеру жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, биыл облыс бойынша жаңадан 43 ветеринариялық пункт пен 1 станция салынып жатыр. Сонымен қатар, 2 станция толық жөндеуден өтпек. Жаңа нысандар жыл аяғына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Өз сөзінде Нұрдәулет Қилыбай Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес өңірдің ветеринария саласында жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

– Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Ветеринария – мемлекеттің биологиялық қауіпсіздік жүйесінің бір бөлігі екенін атап өтті, саланы жетілдіру жөнінде тапсырма берген болатын. Тапсырмаға сәйкес ағымдағы жылдың 2 - тоқсанында Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы дербес басқарма ретінде құрылып, біршама жұмыстар атқарылды
техникалық база нығайтылып жатыр. Енді сіздерге табысталып отырған жаңа автокөліктер жұмыс сапасын арттырып, ел игілігі үшін қызмет етуге зор мүмкіндік береді, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 08.09.2025
  • 26
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика