- Блогтар
- Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.
Ақтөбе облысының әкімі
Өңір басшысы сұқбат берді
Облыс әкімі Асхат Шахаров өңірдің басты арнасы - Aqtóbe телеарнасына барды. Арна ұжымымен кездесіп, «Әділетті Қазақстан» бағдарламасы сұқбат берді.
Аймақ басшысы сұхбат барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында белгіленген ауқымды міндеттердің орындалуына ерекше назар аударылды. Әсіресе өңірлерді дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, инфрақұрылымды жетілдіру, инвестиция тарту және өзге де басым бағыттар талқыланды.
Бағдарлама жүргізушілері халықты толғандырған мәселелерді де көтерді. Асхат Шахаров әрбір сұраққа нақты жауап беріп, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларды түсіндірді.
Эксклюзивті сұқбат бүгін, 5 қыркүйек сағат 21:30-да эфирден көрсетіледі.
Облыс басшысы Aqtóbe телеарнасының ұжымымен кездесуде 65 жылдық мерейтоймен құттықтап, жаңарып жатқан студияларды аралады. Қазіргі таңда телеарнаның материалдық-техникалық базасы жаңартылып, заманауи жаңалықтар студиясы жасақталуда. Күніне бес рет эфирге шығатын жаңалықтар және 30-дан астам бағдарлама аймақ өмірін қамтып келеді.
- 09.09.2025
- 19