• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жетісай және Мақтаарал аудандарының шаруаларымен кездесіп, Түркістан облысындағы суару маусымының қорытындысын жасадық.

Кездесуде шаруаларға ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын енгізуді ынталандыру шаралары туралы айтып бердім. Биыл министрлігімізге берілген жаңа функциялар аясында 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттерді қалыптастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Осы трансферттер есебінен алдағы үш жылда Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын енгізу мен суармалы су беру қызметтерін инвестициялық субсидиялау үшін шамамен 90 млрд теңге қарастырылған.

Айта кетсем, былтыр министрлік су үнемдеу технологияларын сатып алуға, орнатуға және инфрақұрылымды жүргізуге жұмсалған шығындарды өтеу үлесін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтты. Сонымен қатар суармалы суға сараланған субсидиялар енгізілді. Егер су үнемдеу жүйелері қолданылса, субсидия көлемі 85%-ға дейін өседі.

Аптап ыстық пен жауын-шашынның болмауы Қазақстанның оңтүстігінде күрделі жағдай туғызды. Алайда жедел қабылданған шаралардың арқасында ахуалды тұрақтандырып, суармалы жерлерді сумен қамтамасыз ете алдық. Министрлік арнайы жұмыс топтарын құрып, оңтүстік облыстардағы су шаруашылығы жағдайына мониторинг жүргізді, суармалы суды әділ бөлуге бақылау жасады, кезекшілік кестелерін бекітті, заңсыз су алуға қатысты тексерістер жүргізді және түсіндіру жұмыстарын атқарды.

Болашақта мұндай қиындықтарға жол бермеу үшін су үнемдеу технологияларына белсендірек көшу қажет. Осы мақсатта біз заманауи суару жүйелерін енгізуді субсидиялау шарттарын жетілдірдік.

Шаруалар егістіктерді тұрақты сумен қамтамасыз еткені үшін министрлікке алғыс білдірді. Шаруалармен кездесуден кейін Жетісай және Мақтаарал аудандарына су жеткізетін «Достық» мемлекетаралық каналының жұмысымен және жағдайымен таныстым.

Түркістан облысының Сауран ауданында егістік алқаптарын қосымша сумен қамтамасыз ету үшін 72 тік дренажды ұңғыма пайдалануға берілгенін еске сала кетейін. Ал Ордабасы ауданында 17 тік дренажды ұңғыма жөндеуден өткізілді.

Сонымен қатар «Достық» мемлекетаралық каналының төменгі ағысындағы шаруа қожалықтарына су беруді жақсарту және «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының каналдарында су деңгейін арттыру үшін «Машиналық әдіспен су көтеру каналында» механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.

Бүгінде өңірде егістік алқаптарын суаруға шамамен 3,3 млрд текше метр су алынған. «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы шаруа қожалықтарымен 297 мың гектар егістік жерді суаруға 9 724 келісімшарт жасасқан. Оның 133,7 мың гектары мақта.

Қазіргі таңда мақта алқаптарын суару толық аяқталды. 10 қыркүйекке дейін филиал күріш алқаптарын суаруды да толық аяқтауды жоспарлап отыр. Су беру жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.

  • 10.09.2025
  • 22
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

Нұржігітов Н.М.
(Мұрағат)

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика