• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Бейсембаев Ғ.Б.
Бейсембаев Ғ.Б.

ҚР Оқу-ағарту министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жаңа оқу жылында дуальды оқумен қамтылған студенттер саны 27 мыңға артады

2025–2026 оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында дуальды оқумен қамтылған студенттер саны 135 мыңға жетеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 27 мыңға көп.

Дуальды оқыту теориялық дайындықты тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді. Оқу уақытының 60%-ын студенттер тікелей өндірісте өткізіп, сұранысқа ие мамандықтарды іс жүзінде меңгереді.

Бүгінде бұл жүйеге еліміздегі 552 колледжде 18 мыңнан астам кәсіпорын қатысады. Олардың қатарында машина жасау, құрылыс, энергетика, IT және сервис саласындағы ірі компаниялар бар. Мұндай ынтымақтастық форматы студенттерге тәжірибелік машық береді, ал жұмыс берушілер үшін – өндірістің нақты сұранысына сай білікті кадрлар даярлауды қамтамасыз етеді.

Дуальды оқытуды дамыту – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі басым бағыттардың бірі. Бүгінде мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған колледж түлектерінің 70%-дан астамы оқуын тәмамдаған соң бірден өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасады.

2024 жылы мемлекеттік тапсырыс негізінде дуальды оқыту форматында оқуын аяқтаған түлектер саны 30 мыңнан асты, олардың 71%-ы қазірдің өзінде жұмысқа орналасқан.

Жұмысшы мамандықтары жылы және техникалық-кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялау аясында 2027 жылға қарай дуальды жүйемен оқитын студенттердің үлесі 50%-ға дейін өседі. Негізгі бастамалардың қатарында – Германияның Эрфурт университетімен бірлесіп Халықаралық дуальды оқыту орталығын ашу, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП қолдауымен тәлімгерлік институтын дамыту бар.

  • 10.09.2025
  • 20
Бейсембаев Ғ.Б.

ҚР Оқу-ағарту министрi

Бейсембаев Ғ.Б.
(Мұрағат)

ҚР Оқу-ағарту министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика