• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Бейсембаев Ғ.Б.
Бейсембаев Ғ.Б.

ҚР Оқу-ағарту министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан, Сингапур және Ұлыбритания Тәрбие жөніндегі халықаралық ұйым құруға кіріседі

Астанада Азия, Еуропа және Қазақстанның профессорлары мен сарапшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Талқылаудың басты тақырыбы – үйлесімді, жауапты және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруға бағытталған президенттік «Адал Азамат: біртұтас тәрбие» бағдарламасы болды. Екі жыл ішінде бағдарламаны жүзеге асыру аясында алты негізгі бағыт пен 77 қадамнан тұратын біртұтас тәрбие экожүйесі құрылды. Тәрбие жұмысына сынып жетекшілері, ата-аналар мен психологиялық қызметтер белсенді қатысуда. 2023 жылдан бастап мектептер жанынан Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары, ал өңірлерде Психологиялық көмек орталықтары жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде ата-аналардың оқу-тәрбие процесіне қатысу деңгейі үш есеге артқан. Қазір ата-аналар комитеттерін трансформациялау жұмысы жүріп жатыр, ал қараша айында «мектеп – ата-ана – қоғам» ынтымақтастығын нығайтудың жаңа алаңына айналатын алғашқы Республикалық форум өтеді.

Бүгінгі қазақстандық мектептің міндеті – тек білімді шәкірт тәрбиелеу ғана емес. Ол – рухани биік, моральдық қасиеттері орныққан, қоғам игілігіне адал қызмет етуге дайын жауапты тұлғаны – Адал Азаматты қалыптастыру. Балалар жастайынан еңбекті қадірлеуді, адалдықты, әділеттілікті әрі жауапкершілікті бойына сіңіріп өседі. Бұл қасиеттер – еліміздің жарқын болашағының берік іргетасы.

Бағдарламаның құндылықтары оқу процесіне кіріктірілген және пәндердің мазмұнында, сынып сағаттарында, сыныптан тыс іс-шараларда көрініс тапқан. Сондай-ақ мектептерде «Адал Азамат» қағидаттарына негізделген бірыңғай дизайн-код кезең-кезеңімен енгізілуде. Өз кезегінде халықаралық сарапшылар қазақстандық тәрбие моделін жоғары бағалады. Ұлыбританиялық профессор Том Харрисон Қазақстан тәжірибесі ұлттық құндылықтар мен жаһандық үрдістерді үйлесімді ұштастыратынын атап өтті. Ал сингапурлық профессор Ляо Шао Цзюнь дәстүр мен инновацияны, ұлттық басымдықтар мен әлемдік үздік тәжірибелерді қатар дамытуға мүмкіндік беретін мұндай тәсілдің стратегиялық маңызына басымдық берді. Іс-шара қорытындысы бойынша Сингапур және Ұлыбританиямен бірлесіп Халықаралық тәрбие жөніндегі ұйым құру жұмысы басталатын болды.

Бүгінде тәрбие мәселесі әлемдік деңгейде аса өзекті тақырыпқа айналды. Қазақстан өз ішінде жүйелі қадамдар жасап қана қоймай, тәжірибесін халықаралық қауымдастықпен бөлісуге әзір. Ал Халықаралық ұйым құру бастамасы жаңа ғылыми ізденістер мен ортақ жобалардың дамуына жол ашады.

«Адал Азамат» бағдарламасы «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бастамасының жалғасы болып табылады. Оның қайта жаңартылған мазмұны Мемлекет басшысының «Адал Азамат – Адал еңбек – Адал табыс» идеологиялық тұжырымдамасына негізделген. Биылғы 1 қыркүйектен бастап бағдарлама елдегі барлық білім беру ұйымдарында, соның ішінде жекеменшік мектептерде де енгізілуде.

  • 10.09.2025
  • 18
Бейсембаев Ғ.Б.

ҚР Оқу-ағарту министрi

Бейсембаев Ғ.Б.
(Мұрағат)

ҚР Оқу-ағарту министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика