• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтөбеде «Белсенді қоғам – берік болашақ» тақырыбында XII Азаматтық форум өтті

Форум азаматтық қоғамды дамыту, мемлекет пен үшінші сектордың өзара іс-қимылы, сондай-ақ жаңа әлеуметтік бастамаларды енгізу мәселелерін талқылауға арналған маңызды диалог алаңына айналды.

Форум жұмысына облыс әкімі Асхат Шахаров қатысты. Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университетте өткен форумға үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерлер бірлестіктерінің өкілдері, белсенділер, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен халықаралық серіктестер жиналды.

Өз сөзінде Асхат Шахаров өңірдің тұрақты дамуында азаматтық сектордың маңыздылығын атап өтті.

«Бүгінгі таңда еліміздегі азаматтық қоғам институттары мемлекеттің стратегиялық серіктесі және тірегі деп нақты айтуға болады.  Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі, іс жүзінде қоғамымыздың маңызы бар барлық саласын қамтып отыр. Ортақ күш-жігердің арқасында азаматтардың мемлекеттік институттар мен заңдарға деген сенімі артып келеді», – деді Асхат Шахаров.

Сондай-ақ, әкім Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған цифрландыру, адами капиталды дамыту, мемлекет, бизнес және қоғам арасындағы өзара іс-қимылды арттыру сияқты міндеттерге назар аударды. Оның айтуынша, үкіметтік емес ұйымдар бұл мақсаттарға қол жеткізуге қомақты үлес қосуда.

Форумда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Елдар Сапаров, «Қазақстан азаматтық альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиева, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры басқармасының төрайымы Ләззат Шыңғысбаева және басқалар баяндама жасады.

Спикерлер үкіметтік емес ұйымдардың бастамаларын қолдауды көздейтін шараларды сөз етті: биыл олардың жүзеге асырылуына 2,1 млрд теңге бөлініп, оның жартысы аудандық жобаларға бағытталды. Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» ұлттық бастамасының нәтижелері ұсынылды. 90 мыңнан астам еріктінің қатысуымен 15 мыңнан астам экологиялық іс-шара өткізілді. «Қазақстан халқына» қорының өкілдері ауылдағы шағын жинақты мектептерді цифрлық технологияларды пайдалана отырып дамыту, олардың материалдық-техникалық базасын жаңарту және заманауи кабинеттермен жабдықтау бағытындағы жұмыстар туралы баяндады.

Талқылау барысында ерекше қажеттіліктері бар жасөспірімдерге арналған әлеуметтік маршрут әзірлеу, Ақтөбеде инновациялық ХАБ құру, гранттық қолдаумен хакатон ұйымдастыру, креативті индустрияларға арналған корпоративтік гранттарды енгізу, жастар ҮЕҰ-ына гранттық бағдарламаларды дамыту және басқа да бағыттар ұсынылды.

Жалпы, форумға қатысушылар Ақтөбе облысында азаматтық сектордың белсенді дамып келе жатқанын және өңірдің қоғамдық-саяси өмірінде маңызды рөл атқарып отырғанын тілге тиек етті.

Іс-шара қорытындысы бойынша тұрақты әлеуметтік жобаларды үшжылдық қаржыландыруды енгізу, ҮЕҰ үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көлемін ұлғайту, қоғамдық бақылау мен мемлекеттік органдардың ашықтық тетіктерін дамыту, ҮЕҰ жобаларын мониторингтеу бойынша онлайн-портал құру, Ақтөбеде ғылыми-технологиялық инновациялық ХАБ ашу және басқа да міндеттерді қамтитын резолюция қабылданды.

Қабылданған резолюция билік органдары мен азаматтық сектордың әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру және аймақ игілігі үшін серіктестікті нығайту бойынша алдағы уақыттағы жұмысына негіз болады.

Форум азаматтық қоғамды дамытуға қосқан үлесі үшін белсенділер мен үкіметтік емес ұйымдарды марапаттау рәсімімен аяқталды.

  • 11.09.2025
  • 18
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика