• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаларды іске асыру бойынша аппарат кеңесін өткіздім.

Президенттің судың «көлеңкелі» нарығын жою жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігі Бас прокуратура және ІІМ-мен бірлесіп, республикалық деңгейде іс-шаралар жоспарын әзірлейтін жұмыс тобын құруға келісті.

Жұмыс тобы жүйелі жедел-аналитикалық жұмыстар жүргізіп, рейдтік іс-шаралар ұйымдастырады. Тексерулер барысында заңсыз су пайдаланушылар мен «Қазсушар» РМК-дағы және бассейн инспекцияларындағы қызметін адал атқармайтын лауазымды тұлғаларды анықтау көзделген.

Биыл бірқатар маманның өз міндеттерін орындамауы заңсыз су алуға әкелгенін көрсетті. Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында құқық қорғау органдарына нақты тапсырмалар берді. Енді біздің министрлік сол құрылымдармен бірлесіп жұмыс істейді.

Барлығына жауапкершілік бар екенін еске салғым келеді. Су шаруашылығы мамандары өз функционалдық міндеттерін сапалы орындауы үшін министрлік барлық қажетті жағдайды жасады. Материалдық-техникалық база нығайтылды, жалақы көтерілді.

Бұған дейін вегетация кезеңі қорытындысы бойынша қызметтік тексеру жүргізуді тапсырған болатынмын.

Судың «көлеңкелі» нарығына қарсы күрес аясында Суару суын пайдалану ережелеріне, Әкімшілік және Су кодекстеріне қосымша түзетулер әзірленіп жатыр. Бұл өзгерістер каналдардан заңсыз су алудың алдын алуға бағытталған. Сонымен қатар Ұлттық су ресурстары ақпараттық жүйесі базасында вегетацияны цифрлық мониторингтеу жүйесі жасалып жатыр.

Мемлекет басшысының бірыңғай цифрлық су ресурстары платформасын құру жөніндегі тапсырмасын тиімді іске асыру үшін өзендер мен көлдерді түгендеуді қайта бастау жоспарланып отыр. Бұл мемлекеттік су кадастрын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Кадастрда жерүсті су ресурстарын есептеу мен бағалау жүргізіледі. Бұл жұмыс бүкіл ел көлемінде де, әрбір су шаруашылығы бассейні аясында да қамтылады. Мемлекеттік су кадастрын Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесінде жүргізу климаттық тәуекелдер жағдайында негізделген шешімдер қабылдау үшін берік аналитикалық база қалыптастырады.

Сондай-ақ Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығымен бірлесіп мұздықтар каталогын жасау жобасы пысықталып жатыр.

Су ресурстарын есепке алу жүйесін ұйымдастыру мақсатында «Қазсушар» РМК-ның «Су-метрология» филиалын қайта құру жұмыстары басталды. Жоспарға сәйкес филиал су пайдалану есебіне қатысты стандарттар мен талаптарды әзірлеумен, есепке алу жүйелерін жобалау және орнату бойынша қызмет көрсетумен, олардың тексерісін жүргізумен және қажетті компоненттер өндірісімен айналысады.

Аппарат кеңесінде барлық вице-министрге жүзеге асырылып жатқан жобалар бойынша кешенді жұмыс пен мониторингті ұйымдастыруды тапсырдым. Гидротехникалық құрылысжайлардың ағымдағы және күрделі жөндеулерін, сондай-ақ каналдарды механикалық тазалауды тұрақты жүргізу үшін су шаруашылығы нысандарын пайдаланатын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын күшейту қажет.

Сонымен бірге Президент Жолдауында айтылған Солтүстік Арал теңізінің көлемін ұлғайту жобасы бойынша техникалық-экономикалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтауды тапсырдым. Оған қоса, Ислам даму банкінің несиесіне мемлекеттік кепіл алу мәселесін Ұлттық экономика министрлігімен жеделдетіп қарастыру қажет.

  • 12.09.2025
  • 14
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

Нұржігітов Н.М.
(Мұрағат)

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика