- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
Қазақстандағы сатыпалым жүйесінің цифрлы трансформациясы
Қазақстан ашықтық пен тиімділіктің жаңа деңгейіне шықты. Енді мемлекеттік сатып алу (жоспарлаудан бастап төлемге дейін) www.goszakup.gov.kz портал арқылы электронды форматта жүзеге асырылады. Бұл шешім қажетті процесті толықтай автоматтандырып, адам факторының алдын алуға септесті.
Электронды жүйе барлық кезеңді қамтиды: сатыпалымды жүргізу, келісімшарттар жасасу және тіркеу, электронды банк кепілдіктерін пайдалану, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету актілерін рәсімдеу, электронды шот-фактуралар мен төлем шоттарын ұсыну.
Портал 20 астам мемлекеттік ақпарат жүйелерімен интеграцияланған. Бұл қызмет ұсынушылардың мойнында қарыз бен жосықсыз қатысушылар тізімінде бар-жоғын анықтап, біліктілік талаптарына сәйкестігін автоматты түрде тексеруге мүмкіндік береді. Нәтижесінде процедуралардың ашықтығы артып, теріс пайдалану қаупі айтарлықтай азайды.
Global Data Barometer халықаралық зерттеуінің деректеріне сүйенсек, Қазақстан сатыпалы жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігі деңгейі жағынан әлемде 3 орында түр. Бұл ауыз толтырып айтарлықтай жетістік.
Биыл 1 қаңтардан бастап «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң күшіне енген еді. Оның шеңберінде реттелетін сатыпалымның барлық түрін біріктіретін Бірыңғай сатып алу платформасы құрылды: оның ішінде мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың, ұлттық әл-ауқат қоры мен білім беру ұйымдарының сатыпалымдары қамтылған.
«Электрондық қаржы орталығы» АҚ базасында әзірленген жаңа платформа жайлы әрі бірыңғай сатыпалым көзіне жол ашып отыр. Тың жүйе goszakup.gov.kz, zakup.sk.kz, mitwork.kz, сондай-ақ «Қазынашылық-клиент» базаларымен, сот кабинетімен, борышкерлер мен жылжымайтын мүлік тізімдері және «е-Лицензиялау» жүйесімен интеграцияланған.
Платформаның іске қосылуы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады: қызмет ұсынушылар арасында бәсекелестік артып, жосықсыз тәжірибелердің сын-қатері азайып, бюджет қаражатын тиімді пайдалану нығая түседі.
Біз мұнымен тоқтамай барлық қатысушыға арналған заманауи, ашық және барынша жайлы сатыпалым жүйесін дамытуға бағытталған жұмысты күшейтетін боламыз.
- 17.09.2025
- 8