- Блогтар
- Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.
Ақтөбе облысының әкімі
Асхат Шахаров Ақтөбе облыстық прокуратурасының үйлестіру кеңесінің отырысына қатысты
Ақтөбеде облыстық прокуратураның кеңейтілген үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Жиын барысында жасөспірімдер қылмысы, суицидтің алдын алу және отбасындағы зорлық-зомбылықпен күрес шаралары талқыланды.
Кеңес жұмысына облыс әкімі Асхат Шахаров, ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева, ІІМ басшылық құрамы, мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар мен кеңес мүшелері қатысты.
Әсіресе цифрлық шешімдерді енгізу мәселесіне баса назар аударылды. Атап айтқанда, «FSM Social» жүйесі отбасы жағдайындағы қолайсыздықты жедел анықтап, мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерін үйлестіруге және жекелеген көмек жоспарын құруға мүмкіндік береді. Бұл жүйе өңірде табысты қолданылып жүр.
Сондай-ақ білім беру ұйымдары, полиция, денсаулық сақтау саласы мен әлеуметтік қызметтердің өзара тығыз байланыста жұмыс істеуі маңызды екені айтылды.
Кеңес қорытындысында Отбасы қолдау орталықтарының жұмысын күшейту, тәуекел тобына жататын отбасылардың деректерін цифрлық қосымшаға енгізу және барлық қызметтің өзара тиімді әрекеттесуін қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттер айқындалды.
- 22.09.2025
- 28