• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«NAURYZ FEST-2021» ФЕСТИВАЛІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

🔹«14 наурыз - «Көрісу күнінде» өңір волонтерлары қала тұрғындары мен қонақтарын мерекемен құттықтап, «Жыл құтты болсын» атауымен тәттілер үлестіреді және осы күні тұрғындар арасында «Ұлт нақышы» фото байқауы жарияланады. Тұрғындар 14-22 наурыз күндері аралығында «instagram» әлеуметтік желісіне қазақтың ұлттық киімдерімен түскен суреттерін #MangystauNauryzFest2021 #ҰлтНақышы2021 хэштегтері арқылы жариялау арқылы байқауға қатыса алады. Үздік суреттерді өңірге танымал, кәсіби фотограф мамандар таңдап, жеңімпаздар марапатталады. 
🔹15 наурыз – «Жайлау күнінде» өңір жастарының қатысуымен аудан және қала орталықтарында орналасқан саябақтарда тал егу шарасы өтеді. Кемінде 500 түп тал егіледі деп жоспарланған.
🔹16 наурыз – «Шежіре» және 17 наурыз – «Тарихқа тағзым» күндері Мұнайлы және Қарақия аудандарында «Ақ жол» жастар театрының әуесқой әртістерінің қатысуымен Наурыз мейрамының тарихи мәнін айқындайтын драматург Өтен Ахметтің «Елім деп өткен ер Жалау» қойылымы көрсетіліп, аудандық және қалалық мұражайларға тақырыптық экскурсиялар ұйымдастырылады.
🔹17 наурыз «Тарихқа тағзым» тақырыбымен облыстық жас ақындар айтысы өтеді.
🔹18 наурыз - «Игі істер күнінде» – Маңғыстау облысының волонтерлар корпусының Ақтау қаласындағы №69 түзету мекемесінде сотталған азаматтарға кітап сыйлау шарасы өтеді. Сонымен қатар, өңірдегі волонтерлік топтар мен жастар ұйымдарының қайырымдылық шаралары жоспарланған.
🔹19 наурыз «Шымырлық және шеберлік» деп аталатын келесі күні Маңғыстау ауданында жас құсбегілер және ұлттық спорт түрлерінен (асық ату, арқан тартыс, күш сынасу) жарыстары өтсе, Жаңаөзен қаласында садақ атудан республикалық жарыс өтеді. Ал, Ақтау қаласында жас қылқалам шеберлері мерекеге байланысты тақырыптық туындылар салып, өзара бақ сынасады.
🔹20 наурыз – «Зияткерлік күні» Маңғыстау облысының тоғызқұмалақ федерациясымен бірлесе жастар мен жасөспірімдер арасындағы тоғызқұмалақ ойындарының қалалық сайысы өтеді.
🔹21-22 наурыз – «Ұлыстың Ұлы күні» – ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған теңіз жағалауында қала тұрғындары мен қонақтарына мурал таныстырылады. 
🔸14-22 наурыз аралығында «Ұлттық тағамдар күніне» орай Маңғыстау облысының тұрғындары «инстаграм» әлеуметтік желісіне Наурыз мейрамында дайындалатын тағамдардың дайындалуын, дастархан жаю әдебін көрсететін бейнероликтер байқауы және Қарақия ауданы жастарына арналған ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлерін дәріптейтін «Берекелі, мерекелі – әз Наурыз» бейнероликтер байқауы жарияланады. 
❗️Байқауға қатысушы #MangystauNauryzFest2021 #НаурызМәзірі хэштегтері арқылы желіге жариялау арқылы қатысады.
Облыс көлемінде ұйымдастырылған іс-шаралар  әлеуметтік желілерде #MangystauNauryzFest2021 #МаңғыстауЖастары ресми хэштегтері арқылы жарияланады.

  • 15.03.2021
  • 278
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика