- Блогтар
- Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.
Ақмола облысының әкiмi
Ақмола облысында жылыту маусымына дайындық аяқталуда
Өңірде 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Биыл бұл шараларды іске асыруға 43 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Қаражат негізгі бағыттар бойынша үлестірілді: 11 инвестициялық жобаға – 10,2 млрд теңге, көмір мен мазут сатып алуға – 6 млрд теңгеден астам, коммуналдық нысандардың жөндеу науқанына – 15,5 млрд теңге, сондай-ақ «АРЭК» АҚ мен «Көкшетау Энерго» ЖШС ірі энергия компанияларының жөндеу жұмыстарына – 11,4 млрд теңге.
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, биыл бес маңызды нысан пайдалануға берілмек: Көкшетаудағы күл үйіндісі, автоматтандырылған мониторинг жүйесі және технологиялық процестерді басқару жүйесі, Ақкөлде төрт тұрғын үйге арналған қазандық, сондай-ақ Ерейментауда №5 қазандықтың резервтік желісі. Нәтижесінде 8 мыңнан астам абонент сапалы жылумен қамтылады.
Бұдан бөлек, облыста Ақкөл, Егіндікөл, Шортанды аудандарында және Қызылжар ауылында төрт блок-модульді қазандық орнату жоспарланған. Оның екеуі пайдалануға берілді, қалған екеуі төртінші тоқсанда аяқталады. Қазандық агрегаттарын жыл сайын жаңарту бағдарламасы да орындалды. Өңірде 90 коммуналдық қазандық жұмыс істейді, онда шамамен 300 қазан бар. Биыл 59 жабдықты ауыстыру жоспарланған, олардың барлығы орнатылды, тек Аршалы ауданындағы үш жанарғы жақын уақытта толықтырылмақ.
Сонымен қатар Аршалы, Астрахан, Егіндікөл, Ерейментау және Жарқайың аудандарында ұзындығы 9,7 км жылу желілерін жөндеу аяқталды. Жұмыстар толық көлемде орындалды. Көкшетау, Степногорск және Атбасар қалаларында жалпы ұзындығы 17,2 км жылу желілерін қайта құру жалғасуда. Қазіргі таңда дайындық 100%-ды құрайды: Көкшетауда Саин және Потанин көшелерінде жұмыстар толық аяқталды, Атбасарда 1 км-ден астам учаскеде жөндеу жүргізілді, Степногорскіде магистральдық желілердің 15 км-ден астамы жаңартылып, жөнделді.
Мамандардың есебінше, атқарылған жұмыстар жылу желілерінің тозуын 39%-дан 37%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Энергетика және ТКШ басқармасында атап өткендей, жылыту маусымына дайындық барысына тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде, қабылданған шаралар жылыту кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз етеді.
- 23.09.2025
- 37