• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақмола облысында орақ науқанының жүргізілу барысы мен ауыл шаруашылығын цифрландыру мәселелері талқыланды

Жиынға аудан және қала әкімдері, облыстық басқармалар мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық инспекцияларының басшылары, ауыл шаруашылығы бөлімдерінің жетекшілері, сондай-ақ орақ науқанына тартылған барлық ұйымдар қатысты.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов астық жинаудың табысты өтуі елдің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер ететінін атап өтті.

«Биыл мемлекеттік қолдаудың арқасында өңірде 7 миллион тоннадан астам сапалы астық жинау жоспарланып отыр. Бұл көрсеткіш Ақмола облысының еліміздің басты астықты аймағы мәртебесін тағы да дәлелдеуі тиіс. Осы бағытта біз нақты жұмыстарды жүзеге асыруымыз қажет», – деді Марат Ахметжанов.

Айта кетейік, биыл облыс бойынша жалпы егіс алқабы 5,5 миллион гектарды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 211 мың гектарға артық. Майлы дақылдардың егіс көлемі алғаш рет 490 мың гектардан асты.

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың мәліметінше, бүгінгі таңда облыста 3,2 млн гектардан астам астық бастырылды. Орташа гектар берекелілігі 15,6 центнерден шығып, шамамен 5 млн тонна өнім алынды. Оның басым бөлігі жоғары сапаға сай келеді.

«Қазіргі таңда басты міндеттердің бірі – ауыл шаруашылығында инновациялық әдістерді қолдану арқылы өнім көлемін ұлғайту», – деді басқарма басшысы.

«Президенттің тапсырмасына сәйкес, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары өндіріс үдерісіне жасанды интеллектті белсенді енгізуі тиіс. Бұл тек ресурстарды тиімді пайдалануға ғана емес, жұмыс барысын дұрыс ұйымдастыруға да мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біздің өңір пилоттық аймаққа айналып, цифрландырылған ауыл шаруашылығы кәсіпорындары тексерусіз әрі құжатсыз мемлекеттік қолдау шараларын ала алады», – деп атап өтті өңір басшысы.

Айта кетсек, облыста ауыл шаруашылығын цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Зеренді ауданындағы «Диқан плюс» шаруашылығында жасанды интеллект элементтері енгізілген. Бағдарлама жұмыс тиімділігін есептеп, әрі қарайғы қызметке қатысты ұсыныстар береді.

Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімі астық қабылдау кәсіпорындары мен шаруашылық токтарында тәулік бойы астық қабылдау және кептіруді қамтамасыз етуді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы басқармасына АӨК-ні цифрландыру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

  • 25.09.2025
  • 38
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика