• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақмола облысының диқандары рекордттық 5 миллион тонна астық жинады

Ақмола облысында бүгінге дейін 5 миллион тоннадан астам астық жиналды. Бұл ретте орақ науқаны әлі 70%-ға жуық егіс алқаптарын ғана – 3 миллион гектардан астам жерді қамтыды.

Шаруалар қарқынды еңбек етіп жатыр, және қазірдің өзінде биылғы жиын-терім соңғы жылдардағы ең ауқымды науқандардың біріне айналары анық. Өткен жылы жалпы өнім көлемі 6 миллион тоннаны құраған болатын, ал биыл бұл көрсеткіш асырылады деп күтілуде.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, орташа түсім гектарынан 15,6 центнерді құрап отыр, бұл өткен жылғы нәтижеден жоғары. Бидайдың 70%-дан астамы үшінші сыныпқа сәйкес келеді, бұл дәннің жоғары сапасын көрсетіп, оның ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие екенін дәлелдейді.

Жоғары қарқынға мемлекеттік қолдау шаралары мен агросекторға заманауи технологияларды енгізу ықпал етті. 2025 жылы минералды тыңайтқыштарды енгізу көлемі үш есеге артып, 336 мың тоннаны құрады. Майлы дақылдардың егіс көлемі алғаш рет 495 мың гектардан асып отыр, ал екі жыл бұрын бұл көрсеткіш 200 мың гектардан төмен болатын.

Техника паркін жаңартуға да ерекше көңіл бөлінді. Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 1400-ден астам ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды, бұл 2024 жылғы деңгейден бір жарым есе көп. Науқанға 7 мыңнан астам комбайн жұмылдырылған, олардың 5 мыңға жуығы – заманауи әрі жоғары өнімді машиналар. Бұл жинау қарқынын арттыруға және өнім шығынын азайтуға мүмкіндік берді.

Науқанды сенімді өткізуге мемлекеттік қолдау да өз әсерін тигізуде. Диқандарға 94 мың тоннадан астам жеңілдетілген дизель отыны белгіленген бағамен бөлінді. Жеткізілім қатаң кесте бойынша жүргізілуде, жанар-жағармаймен қамтамасыз етуде қиындықтар тіркелген жоқ. Астықты 4,3 миллион тонна сыйымдылығы бар 66 лицензияланған элеватор, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің 2,9 миллион тоннаға шақталған шамамен 1,5 мың қоймасы қабылдап жатыр. Жалпы сақтаудың қуаттылығы 7 миллион тоннадан асады. Дәнді кептіруге тәулігіне 230 мың тоннадан астам өнім өңдей алатын 264 кептіргіш қондырғы тартылған.

Ақмола облысы орақ науқанын жоғары нәтижелермен аяқтауға жақындап келеді. Жиналған 5 миллион тонна – меженің бастауы ғана: күн сайын аймақтық элеваторларға жүздеген мың тонна жаңа өнім құйылуда. Өңір диқандарының айтуынша, 2025 жылғы орақ науқаны өткен жылғы көрсеткіштен асып, облыстың елдегі басты астықты аймақ ретіндегі позициясын одан әрі нығайтады.

 

  • 25.09.2025
  • 35
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика