- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
Жаңа Салық кодексі: ашық диалог, аз кедергі
ҚР Қаржы министрлігіне «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» саясатының қағидаттарын ұстана отырып, азаматтармен ашық және сенімді қарым-қатынас орнату аса маңызды. Реформаларды табысты іске асыру үшін қоғамның сұраныстарын ескеріп, кері байланысқа уақтылы шығып отыру керек екенін жақсы түсінеміз. 2026 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Оның ережелерін мұқият түсіндіру мақсатында биыл тамыздан бастап еліміздің барлық өңірінде семинарлар сериясы өткізіліп, оның қорытындысы Астанада ұйымдастырылған іс-шарада шығарылды. 1,5 айда түрлі деңгейде 50 астам кездесу өтті. Оларға жеке кәсіпкерлер, шағын және орта бизнес, ірі компаниялар мен қаржы ұйымдарының өкілдері қатысты. Қорытынды семинар МКК өңірлік бөлімшелерінің онлайн түрде қосылуымен еліміздің барлық 20 өңірінде көрсетілді. Азаматтар сұрақтарын қойып, офлайн және онлайн арқылы қажетті жауаптарын алды.
Жаңа заңда қарастырылған негізгі өзгерістерінің бірі банк шоттарын автоматты бұғаттаудан бас тарту болып саналады. Оның орнына кәсіпкерлерге өз қызметін тоқтатпай кемшіліктерді жоюға мүмкіндік беретін ескерту түріндегі камералды тексеру форматы енгізіледі. Бұл тәсіл әкімшілендіру ісін икемді қылып, бизнеске қолдау көрсетуді арттыра түседі.
Цифрландыру үдерісіне айрықша мән беріліп отыр. Біз өзара байланыстың сервистік моделіне көшіп, осы арқылы салық төлеушілерге кеңес беру мен көмек көрсетуге басымдық беретін боламыз. Мемлекет тек бақылаушы орган ғана емес, сонымен бірге серіктес болуы тиіс.
Сондай-ақ салық жүктемесі азайтылып, есеп түрлері жеңілдетілді. Бұл кәсіпкерлерге әкімшілік рәсімдерге уақыт жұмсамай бизнесті дамытуға көңіл бөлуге мүмкіндік береді.
Аталған реформа – мемлекет пен бизнестің мүддесін теңестірудің ашық және түсінікті ережесіне көшудің тетігі. Осы амал қоғамның сенімін нығайтып, өзара іс-әрекеттің тиімділігін арттыратынына нық сенімдіміз.
- 26.09.2025
- 38