- Блогтар
- Дүйсембиев Ж.Ж.
Дүйсембиев Ж.Ж.
ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы
ТМД елдерінің кеденшілері Душанбеде отырыс өткізді
2025 жылғы 26 қыркүйекте Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында ТМД-ның Кеден қызметтері басшылары кеңесінің 81-ші отырысы өтті.
Отырысқа Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің делегациялары қатысты.
Тараптар кедендік ынтымақтастықты дамыту, озық құқық қолдану тәжірибесімен алмасу және кедендік үдерістерді жетілдіру мәселелерін қамтитын кең ауқымды мәселелерді қарастырып, сондай-ақ тауарларды тауар номенклатурасына сәйкес біркелкі жіктеуді қамтамасыз ету үшін, соның ішінде осы салада арнайы жұмыс тобын құру арқылы, сондай-ақ кедендік бақылауды жетілдіру мақсатында бірқатар шешімдер қабылданды.
- 26.09.2025
- 64


