- Блогтар
- Бөлекпаев Е.Қ.
Бөлекпаев Е.Қ.
Қарағанды облысының әкімі
Қарағанды - белсенді және мақсатты жастар үшін тартымды мекенге айналды
Бізде Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан және АҚШ-тан мыңнан астам қатысушыны біріктірген Халықаралық жұмысшы жастар форумы өтті.
Кездесудің басты тақырыбы - жұмысшы мамандықтарының беделі, ұрпақтар сабақтастығы және жас мамандар үшін жаңа мүмкіндіктер. Студенттер, инженерлер, тәлімгерлер мен тұтас еңбекшілер әулеттері адал еңбек экономиканың негізі ғана емес, отбасы мен ел үшін мақтаныш көзі екенін көрсетті.
Бізде 130 мыңнан астам адам жұмыс істейтін мыңға жуық завод пен фабрика бар. Оларда еңбек ететіндердің 85% - жұмысшы мамандықтары. 23 мыңға жуығы жұмысшы жастар. Бұл - орасан зор әлеует. Сондықтан біз облыста жас мамандарды қолдау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз: дуалды білім беруді енгіземіз, жұмыс орындарымен жаңа жобаларды іске қосамыз, кәсіпорындар мен компаниялардың сұранысына сәйкес кадрлар даярлаймыз, тұрғын үй бағдарламаларын дамытамыз.
Форумның ерекше сәті «Кемел Келешек-2025» жаңа жастар сыйлығын тапсыру және жұмысшы мамандықтардың үздік өкілдерін марапаттау болды.
Мұндай кездесулер қажет деп санаймын. Олар жігерлендіреді, жаңа идеялар береді және жастардың дамуына серпін береді.
- 29.09.2025
- 28