- Блогтар
- Бөлекпаев Е.Қ.
Бөлекпаев Е.Қ.
Қарағанды облысының әкімі
Жерлесіміз Аида Абикееваны Ливерпульдегі бокстан Әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтадық
Аиданың жолы жастарға үлгі. Ол өзінің ерік-жігерімен және табандылығымен әлемдік шыңға апаратын жолдың туған жерден басталатынын дәлелдеді.
Аида, біз сені мақтан тұтамыз! Алда сені бұдан да жарқын жеңістер күтіп тұр!
Осы орайда құраманың бас бапкері Елдос Сайдалинге және Қазақстан Республикасының бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Аиданың жеке тәлімгері Ислам Әбдірайымовқа ерекше алғыс білдіреміз.Сіздердің еңбектеріңіз, спортшыға деген сенімдеріңіз бен мамандыққа адалдықтарыңыз әлемдік деңгейдегі спортшыны тәрбиелеуге ықпал етті.
- 29.09.2025
- 26