• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Бөлекпаев Е.Қ.
Бөлекпаев Е.Қ.

Қарағанды облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қарағанды облысы қарқынды дамып келеді: жаңа зауыттар, жұмыс орындары және халықтың тұрмысына қолайлы жағдайлар

Жыл басынан бері Қарағанды облысында 20 жаңа өндіріс орны іске қосылды. Оның ішінде болат құбыр, алюминий радиаторы, ферроқорытпа шығаратын зауыттар, сондай-ақ машина жасау саласындағы жаңа кәсіпорындар бар. Соның нәтижесінде екі мыңнан астам тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылды. Жыл соңына дейін тағы шамамен он жоба жүзеге асырылып, қосымша жұмыс орындары ашылады деп жоспарлануда.

2025 жылғы Жолдауында Президент еліміздің алдында өңдеуші өнеркәсіпті дамытып, оған жаңа серпін беру міндетін қойған болатын. Бұл бағыт Қарағанды облысында нақты жүзеге асырылып жатыр. Өңдеуші өнеркәсіптің жалпы өндірістегі үлесі бүгінде 76%-ды құрайды. Машина жасау саласы да қарқынды дамып келеді: 2025 жылдың сегіз айында оның өндіріс көлемі 312,5 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға өсті. Нәтижесінде машина жасаудың өңдеуші өнеркәсіптегі үлесі 13%-ға дейін көтерілді. Индустриялық аймақта жаңа жобаларды іске асыру арқылы біз Саран қаласын моноқала мәртебесінен шығарып, жаңа жұмыс орындарын ашуға әрі экономиканы әртараптандыруға мүмкіндік алдық.

Сегіз ай ішінде облыстың өнеркәсіптік өндірісі 7%-ға артты. Тартылған инвестиция көлемі 645 млрд теңгеге жуықтады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 11%-ға көп.

Жұмыссыздық деңгейі республика бойынша ең төменгі көрсеткіштердің бірі болып қалып отыр – шамамен 4%.

Тұрғын үй құрылысы да қарқын алған: сегіз айда 351 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 1330 кезекте тұрған отбасы жаңа пәтерге қоныстанады.

Ауылдық елді мекендер мен қалаларда ауызсу жүйелері жаңартылып, газ тарту жұмыстары кеңейтіліп жатыр, жолдар жөнделуде. Биыл облыста таза ауызсумен қамту мәселесі толық шешіледі деп күтілуде.

Әлеуметтік салаға да айрықша көңіл бөлінуде. Денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау шараларына облыс бюджетінің жартысынан астамы бағытталуда. Биылдың өзінде бес жаңа балабақша ашылып, алты мектеп салынды. Мемлекет басшысының ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі тапсырмасына сәйкес 65 медициналық нысан бой көтерді, тағы 27-сі жыл соңына дейін іске қосылады.

Ортақ еңбегіміздің нақты нәтижесін көріп отырмыз. Өнеркәсіп те, ауыл шаруашылығы да, әлеуметтік сала да тұрақты өсім көрсетуде. Президент елімізде экономикалық өсімді кемінде 7% деңгейінде қамтамасыз етуді міндеттеген. Біз өз алдымызға бұдан да биік межелерді қойып отырмыз.

 

  • 02.10.2025
  • 27
Бөлекпаев Е.Қ.

Қарағанды облысының әкімі

Бөлекпаев Е.Қ.
(Мұрағат)

Қарағанды облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика