- Блогтар
- Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі
«Жаңа Су кодексін іске асырудағы бірлескен бастамалар: жүзеге асыру, тәжірибе, перспективалар» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатыстым.
Іс-шараны Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығы (АТО), Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесі және Герман халықаралық ынтымақтастық қоғамы ұйымдастырды. Жиынға Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдардың, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың, бизнес, ғылыми қауымдастық пен дипломатиялық миссиялардың өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел қатысушылары су ресурстарын басқару саласындағы мемлекеттік жоспарлау мәселелерін, суды ұтымды пайдалану мәдениетін қалыптастыру және халықаралық ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады.
Іс-шара аясында Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығы мен Қытайдың POWERCHINA Zhongnan Engineering Corporation Limited компаниясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Құжатқа сәйкес, АТО жанынан ахуалдық орталық құрылып, трансшекаралық су нысандарындағы гидробекеттерді автоматтандыру көзделіп отыр. Жоба қытай тарапының гранты есебінен қаржыландырылады деп күтіліп отыр.
Бір жыл бұрын Президенттің тапсырмасымен Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығы құрылған болатын. Бұл орталық су саласын цифрландыру мен әдістемелік басқаруды жетілдіруге арналған тиімді алаңға айналды. Қазіргі кезде орталық Мемлекет басшысының бастамасы аясында жасанды интеллект құралдарын қолданатын бірыңғай цифрлық платформаны құру жұмысын жүргізіп жатыр.
- 06.10.2025
- 21