• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Такиев М.Т.
Такиев М.Т.

ҚР Қаржы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан көлеңкелі экономикамен күресті қарқындатты

Бизнес немесе азаматтар «көлеңкеде» жұмыс істеген жағдайда мемлекетке салық төленбейді. Яғни мектептер, ауруханалар, жол аз салынып, технология мен қауіпсіздікке инвестиция аз жұмсалады. Сонымен қатар көлеңкелі іс-шаралар бәсекелестікті тежейді: адал кәсіпкерлер жалтарып жүрген азаматтарға есе жібереді.

Сондықтан көлеңкелі экономикаға қарсы күрес – біздің экономикамыздың тұрақтылығы мен әділдігін қамтамасыз етуде маңызды міндет. 2025 жылдың басынан бастап Қаржы министрлігі көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі негізгі мемлекеттік орган болып белгіленді. Айталық, біз тың тәсілдерді енгіздік: мемлекеттік органдардың даму жоспарларына «көлеңкені» төмендету бойынша KPI енгізілді, ал аса қауіпті салалар үшін жол карталары әзірленді.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы көлеңкелі экономика деңгейі 16,7% дейін төмендеп, бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 0,9 пайыздық тармаққа аз. Әсіресе ішкі саудада, білім беруде және ауыл шаруашылығында айтарлықтай жетістіктер байқалған.

Жасанды интеллект элементтері бар Smart Data Finance жүйесі азаматтар мен бизнестің деректерін талдап, жалтару схемаларын анықтайды және салық төлеушінің цифрлы бейінін қалыптастырады. Оған 74 көз қосылған. Жыл соңына дейін тағы 30 көз қосылатын болады.

Біз экономиканың ашықтығын арттыруға септесетін  шешімдерді енгізуді қолға алдық. Мысалы, e-Tamga ҚҚС бақылауды автоматтандырады және жылына 100 млрд теңгеге дейін бюджет шығынын болдырмайды. «Цифрлы ҚҚС» жобасы мен цифрлы теңге арқылы есеп айырысу қаражатты көлеңкеге шығару мүмкіндігін болдырмайды. SmartCargo және «Цифрлы жібек жолы» тауарлар мен жүктердің қозғалысын бақылауға жол ашады.

Біз жүк қозғалысын бақылау мен Қазақстанның көлік инфрақұрылымын дамыту үшін бірыңғай цифрлы жүйені құруға бағытталған «Цифрлы жібек жолы» жобасын іске асырып жатырмыз. Оның мақсаты – логистикаға қатысты негізгі деректерді визуализациялау, жолдар мен кеден бекеттерінің кептелісін анықтау және көмекші қызметтердің тиімділігін талдау.

Жоба шеңберінде интерактивті картада кеден бекеттері, ЖҚС, уақытша сақтау қоймалары, бақылау аркалары және ақылы пункттер цифрландырылып, геопозициясы қамтылады. Бұл ашықтықты нығайтып, жалған транзиттің ықтимал схемаларын уақтылы анықтауға көмектеседі.

Көлеңкелі экономиканың үлесін төмендету үшін бірнеше шараны іске асыру ұсынылып отыр: цифрландыруды күшейту және салалық министрліктер арасында өзара ақпарат алысуды қамтамасыз ету; тасымалдаушылар үшін өткізу пункттері мен ілеспе инфрақұрылымды дамытуды жалғастыру; мемлекеттік сатыпалым саласына және қаражатты көлеңкеге шығару тәуекеліне ұшыраған басқа да секторларға цифрлы теңгені енгізуді кеңейту.

Осы қадамдарды іске асыру экономикалық процестердің ашықтығын нығайтуға және неғұрлым тұрақты, технологиялық және ашық іскерлік ортаны құруға мүмкіндік береді.

  • 08.10.2025
  • 22
Такиев М.Т.

ҚР Қаржы министрі

Такиев М.Т.
(Мұрағат)

ҚР Қаржы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика