- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Маңғыстау облысы мен Қытай арасындағы ынтымақтастық нығайып келеді
4 қазан сенбі күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшісі Хань Чуньлин мырзаны қабылдады. Кездесуде екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі ахуалы мен даму мүмкіндіктері, сондай-ақ өңірлік деңгейдегі серіктестікті кеңейту мәселелері қаралды.
Әңгіме барысында Ақтау мен Қытай қалалары арасында тікелей әуе рейсін ашу, жүк тасымалын күшейту, Еуропа бағытындағы әуе кемелерін жанармаймен қамтамасыз етуге байланысты келіссөздер жүргізу мүмкіндігі сөз болды. Сондай-ақ тараптар ортақ инвестициялық жобаларды сүйемелдеу мен жаңа бастамаларды іске асырудың тетіктерін талқылады.
Жиында аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай кездесу барысында өңірдің қытайлық инвесторлармен әріптестікке әрдайым ашық екенін атап өтті.
– Маңғыстау – инвестицияға ашық өңір. Біз жобалардың табысты жүзеге асуына заң аясында қолдау көрсетуге әзірміз. Ортақ бастамаларды бірге дамытып, олардың орындалуын бірлесе бақылауға дайынбыз, – деді Нұрдәулет Қилыбай.
Айта кетейік, бүгінде облыс аумағында қытайлық капиталдың қатысуымен экономиканың әр түрлі салаларында 76 кәсіпорын жұмыс істейді. Оған қоса Маңғыстау облысында трансұлттық компаниялармен, әсіресе қытайлық серіктестермен бірлескен жалпы соммасы 298,5 млрд. болатын бірқатар ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылмақ.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
- 09.10.2025
- 9