• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтауда тұңғыш рет «TurkicSkills 2025» халықаралық шеберлік чемпионаты басталды

5 қазан күні Ақтау қаласында “Жұмысшы мамандықтары жылы” аясында алғаш рет «TurkicSkills 2025» І Халықаралық шеберлік чемпионаты өз жұмысын бастады. Білім бәсекесінде Венгрия, Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан келген 53 қатысушы бақ сынайды. Оның ішінде Қазақстанның әр өңірінен 10 студент қатысып жатыр.

Салтанатты ашылу рәсіміне Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, оқу-ағарту министрлігінің вице министрі Майра Мелдебекова және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Жарыс 10 құзыреттілік бойынша өтеді атап айтқанда: бизнеске арналған ІТ шешімдер, веб технологиялар, дрондарды басқару, графикалық дизайн, сантехника және жылыту, электромонтаж, дәнекерлеу, автокөлік жөндеу, аспаз ісі және сән технологиясы.

Бағдарлама аясында инновациялық көрмелер, «Педагогтерді трансформациялау орталығы» тренингі, «Caspian» халықаралық фестивалі, дрон технологиялары жөніндегі семинарлар ұйымдастырылады. Ауқымды шара 9 қазанға дейін жалғасады.

Салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысушыларды құттықтап, талапкерлерге сәттілік тіледі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірлер еңбек адамының мәртебесін арттыру бағытында нақты жұмыстарға кірісті. Президент жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылған халықаралық TurkicSkills чемпионаты – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды кезеңдерінің бірі.

Тарихтың барлық кезеңінде жұмысшы мамандықтары экономиканың берік тірегі болып келді және солай болып қала береді. Чемпионаттың өткізілуі түркі мемлекеттері арасындағы кәсіби ынтымақтастықтың жаңа кезеңін айқындап, талантты жастардың шеберлігін шыңдауға арналған тиімді алаңға айналып отыр.

Өңірімізде алғаш рет өтіп отырған бұл халықаралық деңгейдегі шара Маңғыстаудың білім беру әлеуетін айқын көрсетіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Барша қатысушыларға сәттілік пен табыс тілеймін!» – деді өңір басшысы.

Чемпионаттың негізгі мақсаты – тәжірибе алмасу, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, кәсіби дайындық стандарттарын жетілдіру және түркітілдес елдер арасындағы кәсіптік білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайту.

Маңғыстау облысы әкімінің
баспасөз қызметі

 

  • 09.10.2025
  • 8
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика