• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтауда Отандық өндірушілердің мұнай-газ машина жасау форумы өтті

10 қазан күні Ақтау қаласында Қазақстанның ірі мұнай-газ компанияларының қатысуымен Мұнай-газ машина жасау форумы және Операторлардың ашық есік күні өтті.

Іс-шараға Мемлекеттік органдардың, ірі мұнай-газ операторларының, салалық қауымдастықтар мен даму институттарының, сондай-ақ отандық және шетелдік мұнай-газ машина жасау кәсіпорындарының өкілдері қатысты. Форум алаңында қазақстандық өндірушілердің көрмесі өтіп, 45 компания металл құрылымдар, құбырлар, сорғылар, мұнай-химия, химиялық жабдықтар және т.б. өнімдерін ұсынды.

Шараның басты мақсаты – еліміздің ірі жобаларында отандық тауарөндірушілердің қатысуын қолдау арқылы отандық өндірісті кеңінен дамыту, импортқа тәуелділікті азайту және өңіріміздің кәсіпорындарына тың мүмкіндіктер беру.

Форумды ашқан Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Тәуелсіздік жылдары Қазақстан жаһандық мұнай нарығындағы жетекші елдердің біріне айналғанын атап өтті. Шетелдік белді компаниялармен бірлесіп ірі мұнай-газ жобаларын іске асырудың арқасында елімізде мыңдаған жоғары білікті инженерлер мен техниктер даярланды, ең озық технологиялар игерілді.
 Осы орайда, мұнай-газ секторы ерекше рөл атқаруға тиіс. Мәжіліс спикері бұл форум алдағы мақсатқа барлық мүдделі тараптардың атсалысуымен бірлесе қол жеткізу үшін ортақ шешім әзірлеуге бағытталғанын айтты.

– Алдымызда  Қазақстанды индустриялық қуатты мемлекетке айналдыру міндеті тұр. Бұл мәселе Мемлекет басшысының ерекше назарында. Осы жолда Парламент заңнамалық тұрғыда қолдауды жалғастыра береді. Үкімет жұмысты сапалы ұйымдастырып, бизнес өз өнімін халықаралық стандарттарға сай бәсекеге қабілетті етуге ұмтылса, жаңа жұмыс орындары ашылып, Қазақстанның экономикалық дербестігі нығаяды, халқымыздың әл-ауқаты жақсарады, – деді Ерлан Қошанов.

Саладағы жалпы ахуалға тоқталған Мәжіліс спикері былтырғы жылдың қорытындысы бойынша тек энергетика секторында жер қойнауын пайдаланушылардың жалпы қызметпен тауар сатып алу көлемі 6 триллион теңгеден асқанын жеткізді. Оның 62 пайызы үш ірі компанияға – Теңізшевройл, KPO және NCOC үшеуіне тиесілі. Сөйтіп, отандық үлестің көлемі арта бастады. Бұл – Парламент пен Үкіметтің бірлескен жұмысының нәтижесі.

Форумда сөз алған облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау облысының Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібінің негізгі тірек аймақтарының бірі екенін атап өтті.
Ол Мемлекет басшысының өнеркәсіп әлеуетін күшейту, жергілікті қамтуды арттыру және өңдеуші секторды дамыту жөніндегі тапсырмаларына тоқталды.

– Өз шикізатымыз бен құрал-жабдықтарымызды барынша пайдалану маңызды. Осы бағытта жергілікті кәсіпорындарға жаңа мүмкіндіктер ашу үшін сатып алу рәсімдерін оңтайландыру, оффтейк-келісімдер мен сертификаттауға қолдау көрсету арқылы отандық өнімге кепілдендірілген сұраныс қалыптастыру қажет, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Форум барысында ҚР Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов, сондай-ақ мұнай-газ операторларының басшылары – Джанкарло Рую (NCOC), Марко Марсили (KПО), Уильям Лакоби (ТШО), Алик Айдарбаев (KKO) және Мұхтар Аутбаев (Silleno) сөз сөйледі.
Олар жергілікті қамтуды дамыту және қазақстандық өндірушілермен өзара іс-қимылды кеңейту бағытындағы бастамаларымен бөлісті.

Салтанатты шара аясында НКОК, ҚПО, ТШО және отандық мұнай-газ жабдықтарын өндірушілер мен қызметтер жеткізушілер арасында жалпы сомасы 244 млрд. теңге болатын шамамен 40 келісімшарт жасалды. Сонымен қатар, отандық тауар өндірушілермен өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында 19 меморандумға қол қойылды. Бұл құжаттар өндірістік және сервистік мүмкіндіктерді кеңейтуге, сондай-ақ отандық жеткізушілердің ірі жобалардың жабдықтау тізбегіне қатысуын ынталандыруға бағытталған.

Қосымша сапар аясында Мәжіліс депутаттары Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты мен «ҚазАзот» компаниясында болды, сондай-ақ Жаңаөзендегі «Каскор-Машзавод» мұнай жабдықтарын шығаратын жаңа зауыттың құрылысымен және Жетібай ауылындағы су тазарту стансасының жұмысымен танысты.

  • 13.10.2025
  • 23
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика