- Блогтар
- Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.
Ақмола облысының әкiмi
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Zijin Mining Group Co., Ltd.» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Чэнь Цзинхэмен кездесті
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Zijin Mining Group Co., Ltd.» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Чэнь Цзинхэмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар өңірдің тау-кен металлургия саласындағы инвестициялық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.
Әлемдегі ең ірі тау-кен компанияларының бірі өкілдері заманауи және экологиялық таза технологияларды қолдана отырып, алтын өндіру көлемін арттыру бойынша жобаларын таныстырды. Бүгінде «Zijin Mining Group Co., Ltd.» компаниясы Азия, Африка, Еуропа, Мұхит және Оңтүстік Америка құрлықтарындағы 17 елде өз қызметін жүзеге асырып келеді.
Ақмола облысы Қазақстанда алтын өндіру және өңдеу көлемі бойынша алдыңғы қатарда. Өңір ел бойынша алтын құрамды кеннің шамамен 50 пайызына дейінгі мөлшерін өндіреді.
Марат Ахметжановтың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында облыста қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқан. Халықаралық серіктестермен бірлескен жобалар өңір экономикасының өсуіне, жаңа жұмыс орындарының құрылуына және халықтың әлеуметтік қолдауын арттыруға ықпал ететін болады.
Өз кезегінде облыс әкімі аталған жобаларды іске асыруға барлық қажетті қолдау көрсетілетінін атап өтті.
- 13.10.2025
- 20