• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Біздің басты мақсатымыз – ауыл шаруашылығын дамыту» – Марат Ахметжанов

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Астрахан ауданының тұрғындарымен ашық диалог форматында кездесу өткізді.

Астрахан ауданы егіс көлемі бойынша облыстағы ең ірі бес ауданның қатарына кіреді. Биыл аудан диқандары 550 мың тоннадан астам астық бастырып, гектарына 15 центнерден жоғары өнім алды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 70 мың тоннаға көп.

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығына цифрлық технологияларды белсенді енгізу арқылы саланың тиімділігін арттырып, оны жаңа даму деңгейіне көтеру міндетін қойған. Бүгінде ауданда 20-дан астам шаруа қожалығы цифрландыру элементтерін қолдануда.

Ауданда жалпы құны 2,9 млрд теңгені құрайтын алты инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Соның нәтижесінде 105 жаңа жұмыс орны ашылады.

Ауданда көлік инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылуда. Қазіргі уақытта Жалтыр ауылындағы теміржол вокзалы жөнделіп жатыр, сондай-ақ Жалтыр – Макинск және Новочеркасское – Қайнарское автожолдарына орташа жөндеу жұмыстары басталды. Сонымен қатар сумен жабдықтау, жылумен қамтамасыз ету және көше жарығын жаңғырту жобалары аяқталуға жақын.

Білім беру саласында реновация бағдарламасы аясында аудандағы бес мектепке (Камыщенка, Каменка, Жаңа-Тұрмыс және Жалтыр ауылдарында) күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Барлық оқу орындары орналасқан жеріне қарамастан бірдей жағдайлар мен заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

Денсаулық сақтау саласында алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жетілдіру бағытында шаралар жүзеге асырылуда. Жақында Ескі Қолутон ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды.

Су тасқыны мәселесіне қатысты тұрғындардың сұрағына жауап бере отырып, өңір басшысы келесі жылы тасқын судың алдын алу мақсатында алты ауылда кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.
Атап айтқанда, Ескі Қалқұтан ауылында ұзындығы 3,6 шақырым болатын Қалқутан өзенінің арнасы тазартылды, ал Жалтыр, Қалқұтан және Оксановка ауылдарында қорғаныш топырақ үйінділері нығайтылды.

Қалқұтанда Бірлік ауылына шығатын грейдер жолының деңгейі көтерілді, ал Оксановкада табиғи сайдың арнасы тазартылып, су өткізу қабілеті арттырылды.

«Біз үлкен суды алыс жақтан-ақ тоқтатуды бастадық. Қазіргі уақытта Буландин және Шортанды аудандарында бөгеттерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Осылайша, Астрахан ауданының шекарасына дейін тасқын суды ұстап қалу жоспарланып отыр», — деді Марат Ахметжанов.

Кездесу барысында тұрғындар жол жөндеу, әлеуметтік нысандар құрылысы және басқа да өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойды. Барлық сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Іс-шара азаматтарды жеке қабылдаумен және ауданның үздік еңбеккерлерін марапаттаумен аяқталды.

  • 20.10.2025
  • 20
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика