- Блогтар
- Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі
Министрлігіміз бен Германияның German Water Partnership (GWP) қауымдастығы стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды.
Келісім — бір жыл бұрын Германияда Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев пен GWP басшылығы арасында өткен келіссөздердің нәтижесі.
German Water Partnership – су ресурстары саласындағы 300-ден астам ұйымды біріктіретін халықаралық желі. Қауымдастық мүшелерінің қатарында университет деңгейіндегі институттар, құрылыс компаниялары, консультанттар мен әлемге танымал өндірушілер бар.
Келісім Қазақстанға су үнемдеу технологияларын енгізу, инновациялық шешімдерді пайдалану, климаттық қатерлерге, су тасқыны мен қуаңшылыққа қарсы төзімділікті арттыру, сондай-ақ мамандарды оқыту және даярлау кезінде үздік халықаралық тәжірибелерді қолдануға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда Германия тәжірибесі су ресурстарын болжау, модельдеу және есепке алу бойынша цифрлық жобаларды жүзеге асыруда қолданылып келеді. Неміс технологиялары гидротехникалық нысандардың құрылысы кезінде де пайдаланылып жатыр. Қол қойылған құжат жаңа бірлескен қазақстандық-германдық жобаларды дамытуға берік негіз болады.
Вице-премьер Қанат Бозымбаев пен GWP атқарушы директоры Борис Грайфендер ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Кездесуде German Water Partnership-тің қолдауымен Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ақпараттық-талдау орталығы базасында Қазақстан-Германия су инновациялық хабын құру ұсынылды.
- 21.10.2025
- 8