- Блогтар
- Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі
Алматы облысына жұмыс сапарымен барып, жергілікті тұрғындармен кездестім.
Іле ауданында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевпен бірге жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың өңірдегі ирригациялық каналдарды реконструкциялау және Күрті мен Бартоғай су қоймаларындағы су көлеміне қатысты сұрақтарына жауап бердім.
Содан кейін жергілікті тұрғындармен есептік кездесу өтті. Жиында Алматы облысында атқарылып жатқан жұмыстар мен су шаруашылығын дамытуға бағытталған алдағы жоспарлар туралы баяндадым. Бүгінде өңірде 11 жоба іске асырылып жатыр, оның 10-ы ирригация және суару мәселелеріне қатысты. Сонымен қатар Қарасай ауданында топтық су құбырының құрылысы жүріп жатыр.
Биыл аяқталатын екі жоба аясында 12 481 гектар суармалы жерге су жеткізуді жақсарту мақсатында тозығы жеткен ирригациялық және дренаждық жүйелер қалпына келтіріледі.
2028 жылға дейінгі су саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес, облыста екі жаңа су қоймасын салу көзделіп отыр. Сонымен қатар Бартоғай су қоймасының бөгетін сейсмотұрақтылық тұрғысынан реконструкциялау жұмыстары жүргізіледі. Бұдан бөлек, үш су қоймасына күрделі жөндеу жасау, 2636 шақырымнан астам ирригациялық каналды реконструкциялау және 270,3 шақырым каналды автоматтандыру, сондай-ақ 74 гидротехникалық нысанды көпфакторлы зерттеу жоспарланған.
Баяндама жасап болғаннан кейін, Алматы облысындағы Сорбұлақ жинақтаушы көлінің жұмысына, магистральді каналдарды реконструкциялау мерзімдеріне және Ислам даму банкінің қолдауымен жүзеге асырылатын жоспарланған жобаларға қатысты тұрғындардың сұрақтарына жауап бердім.
- 21.10.2025
- 9