- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
Республика күні – ауызбірлік, жасампаздық және жарқын болашаққа деген сенім мерекесі
25 қазанда елімізде Республика күні аталып өтеді. Бұл – тәуелсіз дамуды, мемлекеттілікті нығайту мен кемел келешекке деген үкілі үмітті бейнелейтін маңызды мереке.
1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Қазақ КСР-ның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Аталған құжаттың қабылдануымен еліміздің аумақтық тұтастығы, азаматтық мәселесі, мемлекеттік бюджет, халықаралық қатынастардағы дербестік, сондай-ақ Қазақстанның егемендігін айшықтайтын мемлекеттік рәміздер бекітілді.
Бұл – халқымыздың қуатты, орнықты әрі әділ мемлекетті құру жолындағы миллиондаған адамның күш-жігерін, білімі мен ерен еңбегін еске салатын айрықша күн.
Бүгінде әлемнің қаржы-экономикалық архитектурасы шатқаяқтап тұрған сәтте стратегиялық тұрғыда ойлап, қаржылық тәртіпті сақтау маңызды болып отыр. Орнықты даму тек адал еңбек, мемлекет пен халықтың арасындағы ашықтық пен сенімнің негізінде мүмкін болатынын ескерген жөн.
Осы мереке тың жетістіктерге шабыт беріп, Отанымыз үшін мақтаныш сыйлайтын қуаныш күні болсын деп тілеймін!
- 25.10.2025
- 31


