• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Такиев М.Т.
Такиев М.Т.

ҚР Қаржы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ашықтық пен аналитикалық басқаруға бағытталған қадам

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында айтылған тапсырманы орындау мақсатында ҚР Қаржы министрлігі стратегиялық жоба - Мемлекеттік қаржы жүйесінің цифрлы картасын іске асыруды бастады.

Бұл - бірыңғай интерактивті картада еліміздің барлық негізгі қаржы мәліметін көрсететін заманауи жүйе. Мұнда әрбір цифр мен нысан географиялық орынға байланыстырылып, жүйе визуалды панель ретінде жұмыс істейді. Осы арқылы кез келген өңірде, қалада немесе тіпті белгілі бір ғимараттағы қаржылық ахуалды бағамдауға болады.

Қазір картада 2,5 млн салық төлеуші мен 1,4 млн кассалық аппарат туралы деректер қамтылған. «Чектер» функциясы арқылы барлық сатыпалым мен транзакцияларды нақты уақыт режімінде бақылауға болады. Тек 2025 жылдың алғашқы тоғыз айында 40,5 трлн теңгеден астам сомаға 3,9 млрд-қа жуық чек тіркелген. Бұл бүкіл ел бойынша экономикалық белсенділік пен сату динамикасын талдауға көмектеседі.

Сонымен бірге карта жекелеген аумақтардың, нысандардың табысы мен күмәнді операцияларды анықтауға және тексерулер жүргізіп, тапсырмаларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Анықталған кемшіліктердің бірі - чектерді ресімдемеу дұрыс жолға қойылмаған. Сондықтан да қазір Қаржы министрлігі Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп, есепке алуды ретке келтіріп, мәліметтерді дұрыс қалыптастыратын - Тауарлардың ұлттық каталогын әзірлеп жатыр.

Әрмен қарай жоба толықтырылып, жаңартылып отырады. Мәселен, жүйеге кедендік операциялар, бюджеттік кредиттер, отандық өндірушілер жайлы, жер қойнауын пайдалану, сол секілді жылжымайтын мүлік және жер учаскелері туралы ақпарат қосылады. Барлық мәлімет аудандар, қалалар мен өңірлер бойынша жинақталып, талдау жүргізіледі.

  • 30.10.2025
  • 29
Такиев М.Т.

ҚР Қаржы министрі

Такиев М.Т.
(Мұрағат)

ҚР Қаржы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика